Ұлттық идеяның құндылықтары

 

                Мемлекет басшысы белгілеген «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары біздің қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құрудың негізін қалаушы болып табылады.  Бұл-азаматтық теңдік, еңбекқорлық  ғылым мен білім ғибраты, зайырлы ел - толеранттылық сияқты құндылықтардан құралады.

 

                Бұл ретте бүгінде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жұмысының теориясы мен практикасына басқаша зер салу керек.  Өйткені, қазір азаматтық қоғамды нығайту мен дамыту, құқықтық көзқарас тұрғысынан сауатты, өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті  ілімдерге  ие.  Ол білімді  күнделікті өмірде  қолдануға  қабілетті, сыбайлас жемқорлықты өзінің  азаматтық  құқықтарының  бұзылуы деп түсінетін және бұл құқықтарды қорғауға дайын азаматтарды  тәрбиелеу қажеттілігі Қазақстанның  барлық білім беру мекемелерінің өзекті міндеті болып отыр.

                Елбасымыз халыққа Жолдауында басты жеті бағыттың бірі - тап осы сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деп  атап  көрсетті. Демек, еліміздегі бүкіл мемлекеттік  органдар мен лауазымды тұлғалар Заңға сәйкес, өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуге міндетті.

Адалят Үсенова.

Садыр ауылы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4127832