Жарқын болашақ бастамасы

 Былтырғы жылдың Әлемдік өркениет үшін маңызы бар, еліміз үшін басты жаңалығы болған «EXPO-2017» көрмесі  де өз мәресіне жетті. Секундына ондаған ғылыми зерттеулер адам өмірін жақсартады деп тәжірибеден өтсе керек.

Қарыштап дамуға бет алған ғылым кеңістігінде елімізде өткен көрменің ауыз толтырып айтарлықтай жаңалығы сарапталды. Азия елдері арасынан көрменің өткізілуіне бірінші үміткер болуымыз да дамыған Жапониядай ғылым жолына құштарлық пен талпынысты дамушы ел екенімізді ескергені әрі елбасының бейбіт үндеулері мен достығына берік елдің білім мен ғылым айдынына берген әлемнің зор мүмкіндігі еді...

     Жауапкершілікпен өткен көрмеден кейінгі дамуға алған бағыт жолдауда айқын анықталған. Елбасымыздың Дональд Трамппен келіс-сөз жүргізген ресми Вашингтон сапары мен Ақтауда өткен Каспийдің бізге тиесілі бөлігіне қатысты құқықтық саммитіне, Сирия жөніндегі Астана процесіне қарап бағамдауға болатыны - жолдау тек жетістіктерді айтуға емес, нәтиже ретінде керек екені байқалады. Ерекше форматтағы жолдау - айналасы 3 жылды қамтитын және бұрынғы нәтижелі бастамалардың мерзімін ұзартуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, білім саласындағы қызметкерлердің міндеттемесін азайтуға, сондай-ақ "педогог мәртебесі туралы" заңды әзірлеуге негізделген.

     Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында әлемдік саяси аренада орын алып жатқан түрлі жағдаяттар жөнінде өзіндік сараптаумен бөлісе отырып, халық үшін ең бастысы бәсекеге қабілетті кадрлар мен кадр даярлаушы секторларды (отбасы, балабақша, мектеп, университет) дайындауда Назарбаев зияткерлік мектебі мен университеті тәжірибесіне сүйеніп, кеңейтілген тапсырмаларын түсіндіреді.

      Сондай-ақ, жолдауда макроэкономиканың қолдауға ие болатынын, экспорттық өнім мөлшері ұлғаюына байланысты барша мүмкіндіктерді қарастыра отырып, инфляцияға қарсы саяси қаржы кешенін салу керектігі айтылған.

     Медициналық құжат-қағаздардың барлығы дерлік цифрлық жүйеде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс жасай бермек. Дәл осы айтылған датадан бастап, салық жүйесі мен ең төменгі жалақы 28 мыңнан 1,5 есеге артса, яғни 42 мың теңгені құрамақ.

     Елімізде болатын алдағы игі  бастамалар жолдауды негізге алады деп үміттенеміз. Алға қойылған мемлекеттік маңызды істер мен мақсаттарға атсалысу әрбір қазақстандықтың борышы. Иә, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтпақшы: "Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды".

Қанат  Досмаилов,

"Нұр Отан" партиясы

 Панфилов аудандық

 филиалы төрағасының бірінші орынбасары.