Тың бастамалардың қайнар көзі

Алғашқы  медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 тоқсанынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын.

            Елбасының Қазақстан  халқына

Жолдауынан.             

 

 

Елбасы Нұрсұлтан          Назарбаев: «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелер баса айтылған. Негізінен Жолдауда айтылған басымдықтардан Қазақстанды жаңғырту барысында әлеуметтік мәселелерге маңыз берілгені аңғарылады.

Жолдауда халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, барлық азаматтарды өздерінің кәсіби мамандығына, біліміне сай лайықты жұмыспен қамтамасыз  ету басым бағыттар ретінде белгіленді.

                Сондай-ақ айта кетер жәйт, мемлекеттің  алдағы бес жыл көлемінде ішкі жалпы өнімнің 10 пайызын білім, ғылым және денсаулық сақтау саласына бағыттайтыны белгілі болды.  Бұл  түсіне білсек, үлкен қолдау. Өз кезегінде миллиондаған адамның әл-ауқатын арттыруға, халыққа аса қажетті салалардағы көптеген мәселерлерді уақыт талабына сай оңтайлы шешуге мүмкіндік бермек.

                Мемлекет басшысы Жолдауда «2019 жылдың 1 қаңтарынан  бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлы нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын   жасауға, кезектерді,   бюрократияны  жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді»,-деді.

                Адамның лайықты өмір сүруі үшін әл-ауқатының өсіп, тұрмысының сапасын жақсартуға, ең алдымен, қажетті нәрселер азық-түлікпен қамтамасыз етіп, тұрғындардың денсаулығын Ұлт саулығы деп санап, мемлекеттік басты басымдығы етіп, халықты сапасыз әрі денсаулыққа және өмірге қауіп төндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден қорғайтын тұтас саясат жасау қолға алынбақ. Ол үшін Ата Заңда  көрсетілгендей, ең       басты  құндылық - адам және оның өмірін, денсаулығын сақтауға, тұрмысын жақсартуға үлкен мән берілетін болады.

                Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруға ұмтылушылық та көкейге қонады. Адамның тұратын жерінің жайлылығы, тазалығы, қауіпсіздігі, тұрғын үйдің қолжетімділігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді-мекеннің және сапалы инфрақұрылымның  болуы-осының бәрі  жиналып келіп тұрмыстың түзелуіне, денінің сау болуына, ұзақ өмір сүруге алғы-шарттар болып табылатыны ақиқат.

                Қазіргі таңда біздің аудандық ауруханада бюрократиялық кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сияқты маңызды  шаралар бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен,  дәрігер  мен науқас арасындағы әңгіме ашық форматта жүргізіледі. Сонымен қатар  сайтымыз тұрақты жұмыс істейді, әлеуметтік желілерді де белсенді  түрде қолданамыз.

                Жалпы Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауындағы 2019 жылдың 1 қаңтарынан            бастап      медицина қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру жөніндегі мәлімдемені қуана қабылдағанымызды жасырмаймыз.

Дегенмен, біз үшін алдымызға көмек сұрап келген науқастардың жалпы тұрғындардың    денсаулығы ең бірінші кезекте маңызды екендігін баса айтқым келеді.

                Қалай айтсақ та Елбасының бұл  Жолдауы  мазмұны өте терең  деп санаймын.

                Мен денсаулық саласының өкілі және Алматы облыстық Мәслихатының депутаты ретінде Мемлекет басшысы Жолдауының осы салаға қатысты тұстарын қос қолдап қолдаймын және жүзеге асуына атсалысамын.

                Елбасы бұл     Жолдауда барлық салада, барлық жұмыста жауапкершілік  жүгін  арқалайтын кезең келгенін айтты. Бұл жауапкершілік баршамызға қатысты. Біз өзіміздің жұмысымызды бүгінгі Жолдауда Елбасы айтқан тапсырмаларды басшылыққа алатын боламыз.

                Жалпы, Елбасы    Жолдауында айтылған барлық бағыт өте маңызды және олардың халыққа берері мол. Енді тек белгіленген жоспарлы жұмыстарды сәтті жүзеге асыру қажет.

Төлеу Сарпеков,

Алматы облыстық  мәслихатының депутаты, ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорнының директоры.