Рухани жаңғыру

Тарихи танымдық жорық

Жас ұрпаққа білім мен  тәрбие беретін оқу орындарына қойылатын талап –тәуелсіз еліміздің бәсекеге қабілетті азаматын тәрбиелеу, жастардың ұлттық сана – сезімін ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру, еліміздің  тарихи құндылықтарын құрметтеу. Ал ұлттық тәрбие берудің ең негізгі бағыттары – ана тілімізді сақтау, ұлттық қадір қасиетімізді дәріптеу, мәдениетімізді дамыту.

Толығырақ: Тарихи танымдық жорық

"Найзатапқан" Арасаны

Өңіріміздің Кербұлақ  ауданымен шекаралас тұсына қоныс тепкен Ынталы ауылының  желке жағында ғана тұрған Аламан тауының шатқалындағы Найзатапқан» арасаны көрген адамды шипалы суларының сан алуан қасиеттерімен де, тау-тасындағы ежелгі сурет, тылсым, құпия табиғат көріністерімен де  таңырқатады. Дегенмен оның  қалай «Найзатапқан» атануы жайлы анық аңыз жоқ.

Толығырақ: "Найзатапқан" Арасаны

Ел боламын десең-бесігіңді түзе...

Ұлы жазушымыз Мұхтар  Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген саф алтындай салмақты  сөзі бар.Тәрбие - тал бесіктен дейміз. Ендеше, бүлдіршіннің тәрбиесі –ең алдымен отбасыдан, содан соң балабақшадан бастау алуы тиіс. Бұл – бұлжымайтын қастерлі қағида. Қағиданың қастерлі де,өміршең болуы – тәрбиешілер мен ұстаздардың қолында.

Толығырақ: Ел боламын десең-бесігіңді түзе...

Арманымның ақ құсы

Менің бала күнімнен   арманым – журналист болу. Иә, сәби кезімнен өзіме ұнап, жоғары сыныпқа көшкен сайын көңіліме бекіген, келешегімнің жарқын болуына, бар мақсаттарымның орындалуына бағдаршамдай бағыт берген, ең бастысы өзіме қатты ұнайтын мамандық осы. Журналист – көптің көкейіндегіні айта алатын, елдің мұңын, жұрттың жоғын жоқтайтын, қарапайым халықтың арман-тілегінің орындалуына түрткі бола алатын жан. Журналистерді дауылпаз ақын Махамбеттің «қатепті қара нары» дер едім.

Толығырақ: Арманымның ақ құсы

Ұлттық құндылықтарымызды ұлағаттайық

Алматы облыстық ардагерлер ұйымының «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» бағдарламасының аясында облысымыздың елді мекендерінде өтіп жатқан «Жарасым- ды көршілер - сенімді әріптестер» атты дәстүрлі шара жуырда аудандық Мәдениет үйінде жоғары деңгейде  өтті.

Толығырақ: Ұлттық құндылықтарымызды ұлағаттайық

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net