Рухани жаңғыру

Переход на латиницу-требование времени

«Границы моего языка означают границы моего мира»  Людвиг Витгенштейн, австрийский философ и логик Количество языков, на которых человек может свободно излагать свои мысли, всегда было одним из показателей образованности и уровня культуры, а в некоторых странах и показателем гостеприимности. Реалии сегодняшнего времени таковы, что каждый в нашей стране, кто хочет развиваться, пытается изучить казахский, русский и английский языки Чехов говорил: «Человек столько раз человек, сколько он знает языков». Каждый язык – это новый мир целого народа. Потому что вся культура, все ценности сосредоточены в языке.

                        Язык — это ключевое явление культуры, вероятно, главный механизм национального единения, инструмент возникновения и воспроизводства нации как социальной структуры и сохранения языкового многообразия в Казахстане.

                        Естественно, знать один язык – мало, чем больше языков знает человек, тем более он конкурентоспособен. Наш Президент  Н.А.Назарбаев в своей статье «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» в главе «ПОВЕСТКА ДНЯ НА БЛИЖАЙШИЕ ГОДЫ» наметил одним из конкретных проектов,  которые можно развернуть в ближайшие годы -это необходимость  начать работу  поэтапного перехода казахского языка на латиницу. Переход на латиницу в Казахстане , наверное, необходим, это требование времени, это смелый шаг для нашего общества Мы все начнем писать заново, будем снова учиться. Посредством этого и те граждане, которые не знают языка, будут иметь возможность присоединиться к нам и достигнут больших результатов.

                        При переходе на латиницу весь народ будет по-новому воспринимать слова, написанные латинским алфавитом. Приняв слова как новые, в новой орфографической норме, глаза привыкнут и к написанию. Это в особенности необходимо для природы языка, для обеспечения  правильного звучания и написания на казахском языке специфических слов, звуков языка. Замена письменности - это сохранение наших особенностей, развитие возможностей доступа к получению информации. Латиница так же широко распространена в мире, как и английский язык. Во-первых, благодаря латинице у нашей молодежи будет больше возможностей для получения информации в Интернете, частого доступа к пространству в сфере образования и науки, быстрому ознакомлению и обучению. Во-вторых, это объединение тюркского мира и Казахстана.

                        Для нашей страны будет выгодна единая письменность с такими странами, как Турция, Азербайджан, Узбекистан.

Переход на латиницу всех народов тюркского мира позволит сделать их друг другу понятными и близкими.

– Это будет способствовать поднятию статуса казахского языка как государственного. Статус языка поднимется, потому что наш язык будет стоять в одном ряду с языками других стран. Проще будут взаимоотношения с другими государствами.

   Р.Мансурова,

учитель русского языка и литературы КГУ  СШГ им . А.В.Луначарского с ДМЦ .

Сананың ашықтығы ақпарат айдынында

16-17 қараша күндері әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық Университетінің кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының III Халықаралық медиа форумы болып өтті.

            Бұл шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері,  республикалық БАҚ жетекшілері, отандық және Ресей, Германия, Латвия, Өзбекстан  сияқты елдерден келген шетелдік сарапшылар қатысты.

            Форум аясында пленарлық сессия, конференция, шеберлік сабақтары өткізіліп, этностық  БАҚ-тың көрмесі көрсетілді.

            Осы көрмеге отандық БАҚ-ының қатарында Панфилов аудандық «Жаркент өңірі» газетінің көрсетілуі  де» -мәдени шараның мәйегіне айналды.

            Модераторы «Хабар» телеарнасы директорының орынбасары Ерлан Игісінов болған форумның ашық диалогына Арманжан Байтасов, Қымбат Хангелдина, Айгүл Мүкей, Гүлнара Абдуназарова, Владимир Решетов сияқты білікті журналистер қатысып, шеберлік сабақтарын жүргізді, БАҚ өкілдерімен пікір  алмасты.

            Форум жұмысына Панфилов аудандық «Жаркент өңірі» газетінің директор-бас  редакторы Бағдат Айтмұқаеваның қатысқаны да-ақпарат айдынындағы елеулі  оқиғалардың бірі   болды.

Жаңа есімдер анықталып жатыр

Бұл жобада нақты адамдардың  тағдыры мен өмірбаяны арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның  келбеті көрініс табады. Онлайн дауыс беруге  ұсынылған 302 үміткер қызмет саласы бойынша алты санатқа бөлінген еді. Бүгінде олардың  барлығы еліміздің 100 жаңа есімінің  қатарынан көрінуге мүмкіндіктері бар. Дауыс беруге ұсынылған үміткерлер  Астана мен Алматы қалаларын  және еліміздің басқа аймақтарын қамтып отыр.

            «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын іске асыру нәтижесінде Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдардың өмірбаяны  мысалында қоғамда меритократия, бәсекелестік принциптерін, білім және прагматизм культін насихаттау және дамыту арқылы қоғам санасын рухани жаңғырту көзделеді.

Латын әліпбиінің келешегі кемел

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру"мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау керектігін айқындап берді. Елбасымыздың осындай маңызды әрі дербес шешім қабылдауы өте орынды. Осындай шешім арқылы еліміздің дәрежесі биіктеп,көтерілері сөзсіз.                Жаңа ұлттық әліпбиіміз болашақтың бағдары, жас ұрпақтың таңдауы. Біз латын қарпіне көшу арқылы ежелгі мұрамызды қайта қолға аламыз. Елбасымыз осы мәселені жүзеге асыруда қоғамдық пікірді білу үшін арнайы тапсырма берген. Берілген тапсырма Головацкий атындағы орта мектебінің Айгүл Жұмағұлқызы бастаған ұжым мүшелері бірауыздан қолдау көрсетуде. Осыған орай мектепте кітапханашы Шекер Нұрсұлтанқызы жоғарғы сыныптар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

            Келешекте: "Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің жаңа белесі"атты конференция, "латын әліпбиі-қазақ тілін жаңғыртады" атты  акция, "Латын әліпбиіне көшудің тиімді әдістері" атты дебат, "Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі" атты кездесу, "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты ақпараттық бағдарлама өткізу  жоспарға алынып отыр. Осы орайда мектеп оқушылары да бірауыздан қолдап,әліпбидің жаңа үлгісімен танысуда.                                  Міне,осындай үрдісте біздің мектеп латын әліпбиіне көшуге толықтай дайын екені анық. Себебі, латын әліпбиінің келешегі кемел.

 

Серік  ,

Ажар,

Алғыс айту тектіліктің белгісі

Бүгінгі күні тәуелсіз еліміз халқының құрамы жағынан көп этносты ел болып отыр. Оған ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдағы қоғамдық – саяси ахуалдарға байланысты ел басынан өткен тарихи оқиғалар негіз болды. Солардың ішінде қызыл кеңес үкіметі өзінің шектен тыс үстемдігімен жүргізген  депортациялау  саясаты, яғни тұрғылықты халықты атамекенінен түрлі саяси негіздегі сылтаулармен күштеп, еріксіз қоныс аударту жұмысы ерекше орын алады. 

       Атап айтқанда,  қолда бар деректерге сүйенсек, 1928  – 36 жылдар аралығында Ресей, Украина және Беларусь елдерінен 360 мың адам Қазақстанға қоныс аударған екен. ССРО Халық Комиссарлары  Кеңесі мен ВКП Орталық Комитетінің «Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралы аймақтарынан тұрғылықты халықты шығару туралы» қаулысына сәйкес, 1937 жылдың тамызы мен 1938 жылдың қазан айында  Қазақстанға 230530  ұлты кәріс отбасылары қоныс аударған.  Ал, Ұлы Отан соғысы жылдарында  біздің елімізге 60667 поляк, 441713 неміс, 2268 қарашай, 89901 шешен мен ингуш, 4660 балкар отбасы (21150 адам), 4500 қырым татарлары мен 27833 түрік (6300 отбасы) еріксіз әкелінді. Жалпы 1937 – 1944 жылдар  аралығында елімізге  1 млн 740 мың адам қоны аударған.   Сол жылдары Қазақстандағы жалпы халықтың саны 5 млн. 126 мың 676 адам болыпты.

       Өздері  кір жуып, кіндік кескен атамекендерінен солақай саясаттың кесірінен еріксіз қоныс аударған этностарды кеңпейіл қазақ халқы сол қасіретті кезеңдерде мал мүлкінен айырылып, аштықты басынан өткере отырып,  оларды құшақ жая қарсы алды.  Қызыл вагон ішінде қыстың қақаған аязында апталап жүріп, арып - ашып келгендерге ақ дастарханын жайып, асын ауыздарына тосты. Ауызғы үйде өзі жатып,  төрін  ұсынды. Оны   Алматы облысының Қаратал ауданы аумағында түсірілген «Жерұйық» фильмінен айқын көз жеткізуге болады. Тірі қалғандары «еңбек армиясына» жегілді. Оларға  жаңа қоныстанған жерлерден кетуге, тиым салынды. Тәртіп бұзғандарды 20 жылға абақтыға тоғытты.

          Қоныс аударушылар өздеріне еріксіз жүктелген жауапкершілікті моральдық, материалдық  езгіде, ауыр жұмыстың салмағын көтере жүріп, мінсіз атқарды. Оларға  жергілікті  қазақ халқы  үлкен қолдау көрсетіп,  жанашырлық танытты. 

         Сонау 1958 жылдары біз бес жастан асып, алты жасқа аяқ басқан бала едік. Біздің  Үшаралда    Зеңге, Арби, Қамзат, Баду деген шешендер тұрды. Ұлты күрт Қалым ақсақалдың отбасы, медбике Юля  тәтей, украин Степан мен Щура апай естен кетпейді. Щура апай қазақша сөйлегенде сөзуар адамдардың өзін жер қаптыратын еді - ау! Ауылдың үлкендері Қалым ақсақалдың Мурад деген баласын көргенде:

      - Шешесі   ауыр халде жатқанда осы Мурадты  Дәуапамыз  бауырына салып,  өзінің кенжесімен емшектес еткен еді, - деп, отыратын. Балалық шақтың аспаны аясында ойынның туын тігіп жүрген біздер айтылған сөздің  төркінін қайдан түсінейік!

        Елуінші жылдардың екінші жартысынан кейін қоныс аударылғандардың  атамекеніне оралуына ішінара рұқсат етілді. Осыдан кейін кейбір этнос өкілдері тарихи отандарына қайта оралды. Көпшілігі қазақ жерінде қалып қойды.  Солардың бірі – Құтласов Ахмет еді.   «Ат» десе  ішкен асын жерге қоятын азамат колхоздың  жылқысын бақты.  Жұбайы  Жасагүл екеуі Тұрсын, Гүлсім атты балаларын тәрбиелеп өсірді. Сол Тұрсын аудандық оқушылар олимпиадасында Жаяу Мұсаның «Ақ сисасын» шырқағанда тыңдарменның құлақ құрышын қандырар еді – ау! 

       Депортацияның жаппай белең  алуы 1937 жылы басталды десек, биыл оған тура 80 жыл толып отыр. Бұл – ұлан асыр той  жасап,  ат шаптырып атап өтерлік мереке емес.  Күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет көрсетіп, игі тілек білдіретін күні. Бірегейлік пен қоғамдық келісімді сақтай отырып, Елбасының  болашаққа деген бағдарламалық басымдықтарына қолдау көрсету күні.  Тәуелсіз еліміздің  көп этносты халқы үшін  біле жүретін, көңілге түйе жүретін тарихи оқиға екені даусыз.

          Ел тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде өзге этнос өкілдері қазақ халқымен бірге әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі бастамаларға қолдау білдіріп,  әлеуметтік – экономикалық, мәдениет пен өнер саласында табысты еңбек етуде. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізді мекендеген барлық халықтың бейбіт өмір сүріп, бірлігі мен ынтымағын қалыптастыру мақсатында  әлемнің саясат сахнасында өзге елдерге үлгі боларлық сенімді әрі серпінді  шараларды іс жүзіне асырды.

     2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті  - Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл еліміздегі барлық этностардың арасындағы достық пен татулықты нығайта отырып, «Мәңгілік ел: бір ел – бір тағдыр» идеясының жүзеге асырылуына ықпал етті. 

        2016 жылғы 1 наурыз күні  алғаш рет аталып өтілген «Алғыс айту күнінде» Алматы облысының Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылында  кәріс азаматтарының бастамасымен  «Қазақ халқына мың алғыс» мемориалдық  ескерткішін орнатып, оның ашылу салтанатын ұйымдастырды. Жиында бас қосқан көнекөз қарттар депортацияның ауыр  зардаптарын  еске ала отырып, сол бір зұлмат кезеңдегі қазақ халқының қамқорлығын ерекше ықыласпен тілге тиек ете отырып,  егер олай болмаған жағдайда өздерінің бүгінгі күнді көру, көрмеуі екіталай екендігін баса айтты. Сол үшін қазақ халқына әрдайым құрмет көрсететіндігін жеткізді. «Алғыс ту күні» үстіміздегі жылы 1 наурызда екінші мәрте аталып өтілді.

             Енді жеті айдан кейін «Алғыс  алу күні» елімізде үшінші рет     өткізілмек. Кез – келген халықта  өзгенің жасаған жақсылығына, немесе қайырымдылығына   алғыс айтып, ризашылық білдіру қасиеттері бар. Ол – тәрбиеліктің,  өркениеттің үлгісі,   ата – бабасынан қалған ұлық дәстүр мен тектіліктің белгісі.   

       Осыған орай, Қазақстанда тұратын  және саны үш жүз мыңнан асатын  этностардың қазақ  халқымен бірлігі мен ынтымағын одан әрі нығайту мақсатында олар көп тұратын аймақтарда «Бірлік», «Ынтымақ», «Мейірім», «Ілтипат», «Шапағат»  немесе уақыт  талабына сай келетін басқа да атаулармен ескерткіш монументтерін орнатуды қолға алудың қажеттігі туды. Ал, «Алғыс айту күніне» арналған ерекше жобамен  жасалған монумент   Астана қаласындағы  Қазақстан халқы Ассамблеясы орналасқан ғимараттың алдына орнатылғаны дұрыс болар еді.

                                                                                         

                 Ғалым ,

Жазылбеков,

                    Қазақстан Журналистері 

                            Одағының мүшесі.  

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net