Рухани жаңғыру

Тағылым тамыры тереңде

  Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі - білімде» -деген болатын. Ауыл- қазақтың алтын белгісі, мектеп- ауылдың ұйытқысы. Ол тек оқушыларға білім беретін орын ғана емес, ауылдың бүкіл мәдени өміріне қан жүгіртетін жүрегі, рухани өсуіне ықпал ететін ордасы. Жасөспірімдердің тәлім-тәрбие алатын, білім нәрімен сусындайтын да осы алтын ұя.   Іргетасы 1984 жылы қаланып,  оқушыларды білім нәрімен  сусындатып келе жатқан Әулиеағаш орта мектебі - аудандағы іргелі білім ошақтарының бірі. Қазіргі мектебіміз материалдық – техникалық жағынан жақсы жабдықталған деуге болады. Мектепте компьютерлік сынып мультимедиялық кабинет, арнайы қазіргі заманға талапқа сай, барлық оқу-көрнекі құралдары бар. Мектепте 500-ге жуық шәкірттер білім алуда. 

Толығырақ: Тағылым тамыры тереңде

Жетісуым-жеті құтым

Жалпы, Жетісу өлкесінің кереметі – қанша ақын жырласа да таусылмайтын тақырып. Тарихтың қаншама шежіресін артта қалдырып, талай ғұламаның мекені болған қасиетті де құтты мекен бұл.  Оған мысал ретінде Қапал жеріндегі сиқырға толы «Тамшыбұлақ», қыстың күні жер астынан қайнап буырқанған жылы да емдік родон суымен танымал «Қапал-Арасан», жазиралы Жаркент жеріндегі «Әулиеағаш», «Шарын» шатқалы, суында балықтың  небір түрі кездесетін жеті өзенді алуға болады. Кейбір шетелдік азаматтар жазды асыға күтіп демалысын емдік қасиеті мол Алакөл, Балқаш көлдерінде өткізуді жөн санайды. Сондықтан да бүгінгі таңдағы біздің міндетіміз осынау қасиетті өлкенің қадірін біліп, күтіп-сақтау. Бұл-біздің перзенттік парызымыз.

Толығырақ: Жетісуым-жеті құтым

Тарихтың тағылымды тарауы

 Болашағын бағамдау үшін кез келген халықтың өткенін саралап, бүгініне баға берері хақ. Тасқа басылған тарихтың жарқын тұстары халықты ерлік пен елдікке үндеп, болашаққа бағдар сілтесе, қаралы беттері өткеннен сабақ алуға шақырып тұрғандай. Тарих – тезге салуға келмейтін, тек уақыт атты желмаяның ықпалына ерген даму процесіндегі ақиқат болмыс. Бұрылысы мен құбылысы көп адамзат тарихында айтса нанғысыз жағдаяттар да кездесіп жатады. Қазақ тарихындағы осындай ақиқаты аңыздан асып түскен оқиғалардың бірі – Орбұлақ шайқасы.

Толығырақ: Тарихтың тағылымды тарауы

Жаңа кітап жарық көрді

Алматы облысының «Құрметті  азаматы», жазушы, ақын-сазгер Базархан Жақыбаевтың «Мирас» баспасынан «Жесірдің күні» аты жаңа тарихи-этнографиялық роман кітабы жарық көрді. Базархан Жақыбаев бұған дейін де «Сырлы сезім» атты өлеңдер жинағының, «Жаркентте жеті өзен-жеті Арасан» және «Тұлпардың тағдыры», «Қош бол, махаббат» атты прозалық кітаптардың авторы. Әндері «Жетісу әуендері» энциклопедиялық әндер топтамасына Кенен, Дәнеш әндерімен бірге енген. Жаркент өңірінің таңдамалы жырлары топтастырылған «Жыр  өңірі-Жаркент» атты кітапқа көптеген туындылары кірген. Кеңестік сауда саласының үздігі, Алматы облысының , Панфилов ауданының «Құрметті азаматы», Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының  үздігі, халықаралық Жазушылар  Одағының  мүшесі.

Толығырақ: Жаңа кітап жарық көрді

Латын әліпби-жаңарудың жаңа белесі

 Қазақстан Республикасы Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында алдағы 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз қажет екендігін, сондай-ақ болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екендігін баса  айтқан  болатын.

Толығырақ: Латын әліпби-жаңарудың жаңа белесі

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net