Құрметті Панфилов ауданының тұрғындары!

2024-06-17


Салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша қаулылардың орындалуын бақылауды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың маусым айының 18, 19, 20 күндері аралығында Панфилов ауданының аумағында Борышкер жедел іс-шарасы өткізіледі. Іс-шара өткізу кезінде Панфилов ауданының ПБ қызметкерлері құрамында мобильді топтар құралып, жергілікті әкімшілік және сот орындаушылары қатысады.

Толығырақ: Құрметті Панфилов ауданының тұрғындары!

Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауының ЕРЕЖЕСІ

2024-06-11


1. ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕ

1.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы  «Құлагер» байқауы – облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдерінің арасында өтетін дәстүрлі байқау. Байқауды ұйымдастырушы – Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – ҚДБ).

1.2. «Құлагер» байқауы Жетісу облысының дамуын ақпараттық қолдауға бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара.

1.3. Байқауға Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың  редакциялары,  шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе штаттан тыс авторлар қатысады.

Толығырақ: Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауының ЕРЕЖЕСІ

«Ұлы дала жорығы 2024» марафон-бәйгесі өз мәресіне жетті. Биылғы аламан Павлодар облысынан бастау алып, елордада аяқталады.

2024-05-23


«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде еліміздің 18 аймағынан келген 90-ға жуық шабандоз бақ сынады. Әр өңірдің іріктеуінен іркілмей өткен үздіктер Павлодар облысынан Астана қаласына дейінгі 500 шақырымдық жолды 5 күнде шауып өтті. Былтырғы жорықтың жеңімпаздары атанған жетісулық шабандоздар осы жолы да көш бастап ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫНЫҢ жеңімпаздары атанды.

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады

2024-06-07


Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне әскери қызметке шақыру туралы баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің бастығы Асқар Талғатов пен кадр бөлімінің консультанты Әсет Базарбеков түсіндірді.

Толығырақ: ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады

Панфилов ауданының назарына!

2024-05-15


            2023 жылдың 08 желтоқсанында Жетісу облысы әкімі аппаратының жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығының жұмыс Регламенті бекітілген. Орталықтың негізгі мақсаты жергілікті мемлекеттік органдардың консультациялар беру, жеке қабылдаулар жүргізу және өтініштерді қабылдау үшін әмбебап алаң ұсыну арқылы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады. Жұмыс істеу кезіндегі талаптармен  қызметкерлер таныстырылған.

            Аталған Регламент бойынша жауапты қызметкерлер бекітілген. Орталықта «Консультация» аймағы жұмыс атқарады, аймақта  11 (он бір), қызметкер кеңес береді. Олар: Денсаулық сақтау басқармасы, Білім басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (2 маман кезекпен), Жер қатынастары басқармасы, Ауыл шаруашылығы басқармасы, Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы (2 маман кезекпен), Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі, Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімдері.

        Азаматтарды қабылдау орталығы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырудың, оның ішінде Жетісу облысы әкімі аппартының жанындағы (бұдан әрі – Орталық)  Азаматтарды қабылдау орталығының алаңында мемлекеттік органдар басшыларының жеке қабылдауының тәртібін белгілейді.

       Орталықтың негізгі мақсаты жергілікті мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – ЖАО) консультациялар беру, жеке қабылдаулар жүргізу және өтініштерді қабылдау үшін әмбебап алаң ұсыну арқылы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады.

Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.

Азаматтарды қабылдау орталығында жайлы жағдайда:

  • кез келген мемлекеттік органға өтініш беруге;
  • түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алуға;
  • мемлекеттік органдардың бірінші басшыларыныңжәне олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуға болады

 

  • Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

 

Орналасқан жері: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241

Толығырақ: Панфилов ауданының назарына!

Күнтізбе

« Маусым 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4285915