Дария басылым - жария ғасырым

16.04.2021ж

Қалың бұқараның «сөзі мен құлағы» саналатын-баспасөздің өзі бір күндік болса, сөзі мың күндік. Бұл тайға таңба басқандай шынайы ақиқат. Панфилов аудандық «Жаркент өңірі» газетінің шыға бастағанына биыл  100 жыл толады.

 

                Айтуға оңай болғанымен адамзат баласының жүз жылдық ғұмырына пара-пара осы уақыт аралығында Жаркент өңірінің  жұртшылығына түрлі жаңалықтар жеткізіп, олардың рухани байлығына айналған  газеттің сырлы  шежіресінің  шертері  де  мол.

                Республикамыздың бас басылымы- «Егемен Қазақстан» мен Алматы облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінен   кейін  іле-шала өмірге келген аудандық газет тарихы - аудан   тарихымен сабақтасып,  біте   қайнасып жатыр.

                Журналистиканың  ең  әуелгі  міндеті - елді ақпараттандыру  болса, келе-келе ағартушылық, тарихты таңбалау сынды жауапкершілікті де мойнына  алды. Осы тұрғыдан алғанда «Жаркент өңірі» газеті сонау жарық көрген 1921 жылдан бері міндетін  мінсіз  атқарып  келеді. Бүгінгідей білікті мамандардан құралған редакция ұжымы міндеттерін әлі де абыроймен атқарады деп сенемін.

                Газет  жылнамасы-халық  жылнамасы.

                Телегей теңіздің тапшылығындай жаңалық атаулының жаршысындай болған «Жаркент өңірі» газетінің 100 жылдығы мерейлі мерекесіне орай «Жаркент өңірі-100» айдарын  ашқан болатынбыз.  Осы атаулы айдар аясында  басылымның  өткен тарихынан, кешегісі мен бүгінгісінен сыр шертетін материалдарды оқырмандарға ұсына бастадық.

                Сүйікті  газетімізден  көз жазбаңыз, ағайын.

Бағдат Айтмұқаева,

«Жаркент  өңірі» газетінің директор-бас

редакторы,

Панфилов аудандық  Мәслихатының депутаты.

Күнтізбе

« Тамыз 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2737175