Тіл - ұлтТың асыл қазынасы

13.08.2021ж

Еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап қазақ тілінің беделін арттыру басты міндеттердің бірі болып, осы мақсатта көптеген жұмыстар жүргізілді. Мәселен, қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшалардың білім деңгейі артып және қазақ тілін үйренемін деген өзге ұлт өкілдеріне де тіл курстары көптеп ашылды.

Сондай-ақ елімізде балаларға арналған қазақ тілді мультфильмдер мен отандық кинофильмдеріміз дамып жатыр. Тағы бір қуантарлық жағдай, қазіргі таңда өздеріңізге белгілі «Qazaqstan» телеарнасы тек қана қазақ тілді бағдарламаларды көрсетеді. Бұл еліміз үшін үлкен бақыт. Мұның барлығы қазақ тілінің дамуына сөзсіз ықпал етпек.
Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытуға үлес қосып, жұмыс жасауы керек. Өйткені, тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес екені баршаға аян. Осы орайда Бауыржан Момышұлының «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту»,-деген сөзді әрбір қазақ ұғынса, қазақ тіліміздің деңгейі тек қана жоғарылайды. Лайым солай болғай.
Сымбат Сатыбалдықызы.

Күнтізбе

« Тамыз 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2737214