Өңір тынысы
55,32 пайыз
- Жарияланды 19.03.2023 16:51
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 5
2023-03-19
2023 жылғы 19 наурызда, дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды.
Сайлау өз мәресіне жетті.
- Жарияланды 19.03.2023 16:04
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 4
2023-03-19
13 сағатқа созылған Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі Мәслихат депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті. Яғни Республика бойынша барлық дауыс беру учаскелері жабылды. Мен тұрған №285 сайлау учаскісінде таңғы 7-ден бастап келіп, дауыс берген халық саны аз болмады. Сондай-ақ түске таман отбасымен келіп Мұстапаевтар жанұясы дауыс берсе. Түстен кейін 85 жастағы қарт сайлаушы Қадыров Рустем атамыз дауыс беріп, өз үлесін қосты.
Белсенділік көбіне түске дейін байқалды. Және біздің учаскіде үйден 38 адам дауыс беретіндер болды. Біздің комиссия мүшелері барлық сақтық шараларын сақтай отырып олардың дауысын алып келді.
Ал дауыс беру процесінің әділ өтуін қадағалаған бақылаушылар бұл учаскіде ешқандай құқық бұзушылық болмады. Сайлау өз мәресіне жетті.
Өз дауысымызды бердік, ендігі міндет сайлаудың қортындысы
- Жарияланды 19.03.2023 15:20
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 4
2023-03-19
Өңіріміз өз өз учаскелеріне келіп, дауыстарын берді.
Комиссия мүшелері бюллетендерді санауға кірісті
- Жарияланды 19.03.2023 15:44
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 4
2023-03-19
Сонымен таңнан басталған қарбалас аяқталды. Сөйтіп, комиссия мүшелері бюллетендерді санауға кірісті.
Сайлаудың қортындысын бүкіл Қазақстандық күтеді
- Жарияланды 19.03.2023 15:03
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 4
2023-03-19
Әркім өз таңдауын жасады. Жарқын болашақ үшін дауыстарын берді.