"Есіктен – есікке" акциясы аясында Панфилов аудандық «Nur Otan» үміткерлері кездесулер өткізді

05.01.2021ж

Қаңтар айының 5 жұлдызы күні Панфилов аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Аширов Ахметжан «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Партия кандидаты COVID-19-ға қатысты жағдай еңбек нарығына өзіндік түзетулер енгізіп, жұмыспен қамту саласындағы белсенділікті және халықтың табысын айтарлықтай әлсіреткендігін айтты.

"Nur Otan" партиясы жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы тұрақты жұмыс орындарының санын көбейту,  әркім өзін және отбасыларын лайықты өмір деңгейімен қамтамасыз ете алу міндетін қойып отырғандығын алға тартып, тұрғындарды партияға қолдау білдіруге шақырды.

         «Есіктен-есікке» акциясы аясында ұйымдастырылған бұл шарада өңір тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, партия бағдарламасына қызығушылық танытты. Кездесу барысында сайлаушылар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді үміткер жазып алып, назарға алатындығын жеткізді. Атап айтқанда, дәрігерлерді қайта даярлау, экология, елдегі тұрақтылық сынды мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы да талқыланды. Кездесуге қатысушылар «Nur Otan» партиясын қолдайтындығын білдіріп, үміткерлерге сәтттілік тіледі.

         Партия үміткері  тұрғындарға алдағы бес жылда автожолдардың сапасын кезең-кезеңмен жақсарту үшін партия 97,7 км орташа жөндеуді көздейтін кентішілік жолдардың сапасын кезең-кезеңімен жақсарту, 2021 жылы Керімағаш ауылына кірме жолдың 3,6 км жөндеу және Желтоқсан 2,4 км және Искандерова 1,6 км көшелеріне, Сарыөзек-Көктал жолының 4,46 км, Сарытөбе ауылына кіреберіс жолын күрделі жөндеу жұмыстарына, 2023 жылы Жиделі ауылына кірме жолдың 2,1 км жөндеу, 2025 жылы Жерұйық (Нағарашы) ауылының ішкі жолдарын жөндеуге «Nur Otan» партиясы қол жеткізетіндігін де баяндап берді.

         Панфилов ауданы барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін аудан болуы керек. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметінің тиімділігін арттырады, бейнебақылау, көшелерді жарықтандыру жүйесін дамытуды көздеп отыр.

         Панфилов аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Аширов Ахметжан шалғай елді мекендердегі газ, су, жарық мәселелерінің барлығы 2025 жылға дейін оң шешімін табатын болады. Мұның барлығын «Nur Otan» партиясы өз бақылауына алатындығын жеткізді. 

Күнтізбе

« Мамыр 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1810745