Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі

06.05.2021ж

Ұлы Отан соғысы Жеңісі - бұл қанды шайқастар мен жорықтардағы қаһармандық пен табандылық, қайғы-қасірет, қан мен тер арқылы келген жеңіс. 1945 жылдың 9 мамыры бізден қаншалықты алыстаған сайын алапат соғыс шындығы, жанқиярлық ерлік құдіреті соншалықты айқындала түсуде. Біздің халқымыз сол бір қатерлі күндерде адам баласының қайыспас  қайсарлығын айдай әлемге паш етіп,  патриотизм мен ар-намыс, азаматтық серт пен борышқа адалдық сияқты қастерлі қасиеттерді биікке көтерді.

 

            Біз  әжімді   жүздерінен парасаттылық лебі есіп тұратын ақ шашты ардагерлер алдында басымызды иіп, майдан даласында қаза тапқандарды қайғырып еске аламыз. Біздің жүздеген мың жерлестеріміз қанды шайқасқа аттанып, көпшілігі Отан үшін жанын пида етті. Олардың ерлік істері мәңгі жүрегімізде  сақталады.

            Ұлы Жеңістің тойы - өлімді жеңген өмірдің салтанаты. Бұл  күнді толқымай, толғанбай қарсы алған емеспіз. Аспан  мен жер тұтасып, тас жанып, темір балқыған қиямет шақта да қайыспаған қайсар аталарымыз бен апаларымыздың, тыл ардагерлерінің көзінен бұл күні мөлт еткен жас тамшысын байқасақ сөкет көрмейміз. Мерекелік дастарқан басында оқшау-оқшау бос орындар болса оған да таңданбаймыз... Аспанымыз ашық болғай!

Б.Бейсенқызы.

Күнтізбе

« Маусым 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1915158