Ерлік - елге мұра, ұрпаққа өнеге

06.05.2021ж

Ерлік - елге мұра, ұрпаққа өнеге. Иә, расында біз үшін сонау сұрапыл соғыс жылдарында ел үшін жанын аямаған, болашақ ұрпақтың қамы үшін аяусыз жаумен арпалысқан батыр бабаларымыздың ерлігі еш ұмытылмайды. Жылдар бойы аңсаған азат таңымыздың арайлап атуына да себепші бола білген осы батыр бабаларымыз ғой.

 

                Биыл Ұлы Жеңіске — 76 жыл! Осы даңқты мереке қарсаңында Отан үшін от кешкен ардақты жандарды еске алып, ерліктерін бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп, құрмет көрсетіп жатады. Тарихта батыр бабаларымыздың ерлігі еш ұмытылмайды. Сондай елі үшін аянбай жаумен арпалысқан даңқты жауынгерлердің қатарында әкем Нұрман Нүсіпов те болған еді.

                1942 жылдың тамыз айында 100-ші атқыштар бригадасының құрамында алғаш ұрысқа кіріскен сәтінен бастап әкеміз қаншама сұрапыл сәтті басынан кешірді. Соколово, Волоколомск, Ржев... Бұл жерлерде ол Отан үшін от кешті. Қан төкті. Ерлік ісі елеусіз қалған жоқ. Кеудесіне «Ержүректігі үшін» және Ұлы Жеңістің 20, 30 жылдығына, Совет Армиясының 60 жылдығына арналған мерекелік медальдар тақты. Сонымен қатар, В.Лениннің туғанына 100 жыл толуына арналған мерекелік медаль да кеудесінде жарқыраған еді. Ал әр жылы алған грамоталары мен бағалы сыйлықтарының өзі бір төбе ғой. 1976 жылы «Еңбек ардагері» медалін кеудесіне таққан әкеміз сол жылы құрметті еңбек демалысына шығып, бейнетінің  зейнетін  көрді.

                Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары қой фермасында есепші болып еңбектеніп, кейіннен сол кездегі Талды селолық Советінің председателі болып қызмет атқарған, соғыс және еңбек ардагері әкеміз біздің ғана емес, барша тәуелсіз ел ұландарының мақтан тұтар азаматтарының бірі. Осындай батыр бабаларымыздың ерлігін ұмытпауымыз керек. Лайым, еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымызда береке-бірлік бола берсін!

Рахила  Нұрманқызы,

зейнеткер.

Кішішыған  ауылы

 

Күнтізбе

« Маусым 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1915041