Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидат Мұхаметжан Дидар Сембекұлының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды БАҒДАРЛАМАСЫ

15.07.2021ж

Мені ауыл әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

- 2021-2022 жылдары Шежін ауылындағы орта мектепке спорт залы, асханасы бар 60 орындық қосымша ғимарат салуға ықпал етемін;


- 2022 жылы Нәдек ауылының сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту нысаны жұмыстарын ұйымдастыруға;
- 2022 жылы Нәдек ауылына өрт сөндіру бекетін құруға ықпал етемін;
- 2022 жылы Алтыүй ауылының орталығы Желтоқсан көшесі мен Ә.Қастеев көшелеріне көше жарықтарын орнату жұмыстарын жүргізуге;
- 2022 жылы Алтыүй ауылының Амангелді көшесіне жаңа тас жол төсеу жұмыстарын, Байысбеков және Алтыүй көшелерінің ескірген тас жолдарына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін;
- 2023 жылға Алтыүй ауылындағы жаңа құрылыс ықшам аудандарындағы тұрғын үйлерге 1,6 км электрмен жарықтандыру жүйесінің құрылысын салуға ат салысамын.
Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан ауылдағы қауымдастық мүшелерімен тығыз байланыс орната отырып, қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
- ауыл шаруашылығына көңіл бөліп, шаруа қожалықтарының егістік жерлерін тиімді пайдаланып жоғары өнім алуына және қауымдастықпен бірлесіп мал бағу орындарын шығару;
- округке қарасты Нәдек және Шежін ауылдарындағы инернет желісін жақсартуға;
- Алтыүй ауылының орталық жүгері төгу орынына (қырман) ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге күшімді саламын;
- Қазақстан Республикасының тұңғыш қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің мәдени-рухани мұрасын насихаттауға;
- Ауыл тұрғындарының спортпен шұғылданып салауатты өмір салтын ұстануына үлесімді қосамын.
#BizBirgemiz.
Қымбатты ауыл тұрғындары!
Ауылымыздың ертеңі қандай болатыны сізбен бізге байланысты. Сондықтан Сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын.
Сіздің даусыңыз - өз жақын-жұрағаттарыңызбен ауылдастарыңыздың бақытты және бақуатты өміріне қосқан үлесіңіз! Берекелі ауыл - табысты мемлекет! Сайлауға келіңіз! Мен үшін дауыс беріңіз!

Күнтізбе

« Қазан 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2106519