ИМАНДЫ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

01.02.2019ж

«Панфилов ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ, «Жас Отан» ЖҚ бөлімшесі және Жаркент қаласы әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысының ұйымдастыруымен Жаркент қаласы, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің акт залында эктремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Иманды ұрпақ – ұлт болашағы» атты кездесу өтті.

     Аталған шараға Панфилов аудандық дін істері жөніндегі теолог мамандар К.Нуракишев, Ж.Қонысбаев, Панфилов аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Т.Алимжанов, Жаркент  қаласы  әкімі аппаратының  жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы М.Ермеш, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі, ұстаздар және студенттер қатысты.

    Кездесуге келген мамандар жастарға теріс бағыттағы діни ағымдар және оның алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы дайындалған слайдтар көрсетілді.

    Ұйымдастырылған шараны колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Диханбаева қорытындылады.

(ӨЗ  ТІЛШІМІЗ).

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4810522