Білім - шамшырақ

13.05.2021ж

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында: "Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді" деп білімнің салтанат құруы қаншалықты маңызды екенін атап айтқан болатын.
Міне, осы ретте жастарымыздың білім алуына елімізде бар жағдай жасалуда. Мыңдаған жастар шетелде білім алып, алдыңғы қатарлы университеттердің озық шәкірттері атануда. Олардың білімге деген құлшынысына орай көптеген мүмкіндіктер берілуде. Еліміздегі білім беру жүйесінде де озық әдістер қолданылып, оқу ордалары сапалы білім мен саналы тәрбие беруде еш аянып қалмауда.
Білім - шамшырақ. Ол адасқанда бағдаршамдай бағыт беретін тәрбие құралы іспетті. Оқуға, ізденуге ұмтылу - ол өзіңді рухани азықпен қамтамасыз етумен пара-пар. Халқымыз әрдайым білім мен білікке, талпыныс пен ізденіске ұмытылып келеді. Себебі, Елбасымыз айтқандай, "білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу — біздің қанымызда бар қасиет" емес пе?
Б.Серікқызы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2187809