Сананың кемелденуі - сапалы өзгеріс

20.08.2021ж

Биылғы жыл еліміз үшін ғасырға бергісіз жаңалықтарға толы болды. Елімізді көптеген мемлекеттер танып, біздің саясатымыз, салт-дәстүріміз бен тіліміздің шынайылығына қызығатын елдер көп-ақ. Әлбетте, бұл Елбасымыздың арқасында қол жеткізген жетістік.

Еліміздің жағдайы жақсарып, білім мен экономика жағынан дамып келе жатырмыз. Әрине 30 жыл қысқа мерзім болса да, жоспарымыз жүйелі болғандықтан дамыған елдермен теңдей дәрежедеміз.
Сондай-ақ жас буын тарих пен дәстүрді, дін мен тілге деген шынайы құрмет сезімін ұмытпау керек. Бұл ел болып дамуымыз үшін үлкен мүмкіндік. Біздің дамыған мемлекеттер қатарынан бірінші көрінуіміз үшін көп еңбек етуіміз керек. Ең бірінші біздің санамыздың кемелденуі. Басқа мемлекеттер сияқты жаңа мүмкіндіктерді игеру және де білім саласында көп еңбек ету қажет.
Мектепке барған жасөспірім балаға өзінің қолынан бәрі келетінін, болашақ жас ұрпақтың қолында екендігін, елді құрмет тұтатын азамат болуы керек деп тәрбиелеу. Мұндай сөз баланың санасының кемелденуіне өз ықпалын тигізеді.
Әрине мемлекеттің болашағы - бала. Мектеп жасындағы балаға деген сенімділікті мұғалім артса ол бала болашақта елдің дамуына өз үлесін қосатыны анық.
С.ӘБДІРЕШ.