Ел және Елбасы

#біздіңпікір Кемел біліммен болашаққа

2022-07-14


Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент әкімшілік корпустың: министрлер мен әкімдердің жұмысының нәтижелілігі мен тиімділігі мәселесін көтереді. Бұл тұста мемлекет басшысы өз талаптарын қойып биылғы жылды Балалар жылы деп жарялағанын жеткізді.

Толығырақ: #біздіңпікір Кемел біліммен болашаққа

Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен

2022-07-14



БАС ПРОКУРАТУРА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

2022-06-03


5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізіледі.


 

4 маусым күні сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт жүргізу аяқталады.

Екі немесе одан да көп рет не басқа біреу үшін дауыс беру немесе учаскелік референдум комиссиясы мүшесінің азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік беру мақсатында дауыс беруге арналған бюллетеньдерді беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 108 және 110-баптары бойынша заңбұзушылық болып есептеледі.

Бас прокуратура азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырады.

--

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ РЕФЕРЕНДУМ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖАСАҒАН ҮНДЕУІ

2022-06-07


Құрметті отандастар!
Кеше елімізде айрықша мәні бар тарихи оқиға болды. Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтамын.
Толығырақ: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ РЕФЕРЕНДУМ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖАСАҒАН...

Референдум Қазақстанның болашағын айқындайды

2022-05-23


Қазақстан  Республикасының Президенті Қасым-Жомарт   Тоқаев    Қазақстан    Республикасының   Конституциясына өзгерістер енгізу жобасы   бойынша  республикалық   референдум  өткізу  туралы  Жарлыққа  қол қойды.

Толығырақ: Референдум Қазақстанның болашағын айқындайды

Күнтізбе

« Желтоқсан 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3823050