2025 жылға дейінгі бағдарлама Бекітілді

28.02.2020ж

Елімізде  инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025  жылдарға арналған «Нұрлы жол»  мемлекеттік   бағдарламасы  бекітілген.

Бұл  маңызды құжаттың басты мақсаты - бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру арқылы экономикалық өсуге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу болып табылады екен.

  Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2020-2025 жылдары көлік саласында 550 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын болады.