«ӨЛКЕТАНУ – ОТАН ТАРИХЫНЫҢ БАСТАУЫ»

25.12.2021ж

 Дәл осы тақырыпта «Өлкетану» бағдарламасы аясында аудандық кітапхананың оқу залында егемендігіміздің 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.

 

     Тарихи-мәдени құндылықтарымыз - халық тарихының аса маңызды айғағы. Осыған орай келелі басқосуда өңіріміздегі тарихи құндылықтар мен мәдени мұралар жайында көлемді ойлар ортаға салынды. Рухани құндылықтарымызды бүгінгі жас ұрпаққа дәріптеп, насихаттау мемлекеттің басым бағыттарының бірі екендігі де айтылды.

                 Шара барысында сөз алған қонақтарымыз Мәдениет пен руханият қоғамды біріктіреді. Мәдениет – өмірдің өнерден, тарихи мұрадан, дәстүр мен тілден нәр алатын асы маңызды саласы. Сондықтан қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтап, ұлғайтуға үлес қосу әрбір азаматтың басты міндеті екендігін атап өтті.

                Айшықты шараға Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген филология ғылымдарының докторы, қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі, «Жетісудың шерлі тарихы» жобасының үйлестірушісі, басшысы Әнес Ғарифолла және тарих ғылымдарының кандидаты, қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның 6-шы жұмыс тобы мен Алматы облыстық комиссиясының мүшесі Шамек Тілеубаев, тарихшы, Алматы облысы өңірлік комиссиясының мүшесі, жұмысшы тобының жетекшісі Рашид Оразов, тарихшы, Алматы облысы өңірлік комиссиясының мүшесі, жұмысшы тобының жетекшісі Еркін Стамшанов пен Алматы облысы өңірлік комиссиясының мүшесі, жұмысшы тобының жетекшісі Мейіржан Мұсабаев, жерлес ақынымыз, ауданымыздың «Құрметті азаматы», «Суан баба» қоғамдық қорының президенті Базархан Жақыбаев, «Жауынгерлік Даңқ» музейінің меңгерушісі Қали Ибрайымжанов пен балалар кітапханасының меңгерушісі Гүлбақыт Ибраимова, қалалық кітапхананың кітапханашысы Сәуле Қайрақова және т.б. қатысты. 

А.ҚУАНТАЙҚЫЗЫ.

Күнтізбе

« Мамыр 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2539919