Өңір тынысы

"ҚОРҒАС-СЕРВИС" -ге МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

2024-05-03


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (Департамент) мемлекеттік заңды тұлға — «Қорғас-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Серіктестік) әкімшілік айыппұл салды.

Коммуналдық меншікке 100% тиесілі Серіктестік ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысында көрсетілген белгіленген ережелерге қайшы әрекет етті. Осы қаулы акциялары елу пайыздан астам мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар үшін қызмет түрлерінің тізбесін айқындайды.

Департаменттің бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасына қарамастан, Серіктестік өз қызметін талаптарға сәйкес келтірмеді, бұл әкімшілік жазаға әкелді. Жауапқа тарту туралы шешім соттың бірінші және апелляциялық сатыларында қаралып, Департаменттің іс-әрекеттерінің заңдылығы расталды.

Департаменттің нұсқамасын орындамағаны үшін 1 242 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Толығырақ: "ҚОРҒАС-СЕРВИС" -ге МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Электр желілеріне қосылу тәртібі

2024-05-02


 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардың электр энергиясын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен және электр энергиясын пайдалану қағидаларымен (бұдан әрі – қағидалар) реттелетінің  туралы хабарлайды.

Толығырақ: Электр желілеріне қосылу тәртібі

Жетісу облысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қалай тұрақтандырады?

2024-04-29


 

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру механизмдерін іске асыру барысында 2023-2024 жылдары қоғамға бағаны тұрақтандыру бойынша аталған механизмдерді іске асыруға 6 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 8 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының көлеміне тауар интервенциялары жүргізілді. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының бірінші орынбасары Альмира Ибраимова, сондай-ақ, басқарма төрағасының орынбасарлары Нұрсұлтан Искенов пен Асылжан Шайхазимов айтып берді.

Толығырақ: Жетісу облысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қалай тұрақтандырады?

Жетісу облысында 6 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды

2024-04-30


Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп облыс аумағынан 6 жасырын заңсыз жерасты ойын мекемесін анықтады. Одан бөлек, «Қорғас» ХШЫО аумағында жезөкшелікпен айналысқан бір притонның жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел әкілі Ербол Құрманбаев бөлісті.

Толығырақ: Жетісу облысында 6 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды

Саранчовые вредители в районе и меры борьбы с ними

2024-04-26


Саранчовые, как вредители сельскохозяйственных культур известны с давних времен. В годы массовых размножения, повторяющихся периодическии, они могут производить такие опустошения, с которыми несравнимы повреждения от других вредителей.

Толығырақ: Саранчовые вредители в районе и меры борьбы с ними

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4168078