Денсаулық

АЛМАТЫ КӨПСАЛАЛЫ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

2024-05-17


"Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы" Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін дәлелдеп, сыртқы кешенді бағалаудан сәтті өтті.

Толығырақ: АЛМАТЫ КӨПСАЛАЛЫ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы жүзеге асып жатыр

2024-05-15


Жетісу облысында биыл біршама медициналық нысанның құрылысы басталады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте хабарлады.

Толығырақ: «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы жүзеге асып жатыр

Жетісу облысында биыл балаларға арналған жаңа сауықтыру лагерлері ашылады

2024-05-06


 

Биыл жазғы маусымда Жетісу облысы бойынша 9 маусымдық, 1 киіз үйлік балаларды сауықтыру лагерлерін іске қосу жоспарлануда. Олардың арасында Алакөл ауданындағы «Шағала» және «Жалын», Ақсу ауданындағы «Тамшыбұлақ», Ескелді ауданындағы «Көктөбе», Көксу ауданындағы «Қарлығаш», Панфилов ауданындағы «Қарлығаш», сондай-ақ, Текелі қаласында «Алтын Шажа», «Эдельвейс» және «Бастау» сияқты нысандар болады. Бұл туралы Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов пен Жетісу облысы Білім басқармасының қосымша білім беру ғылыми-практикалық орталығының директоры Айбол Қасенов айтып берді.

Толығырақ: Жетісу облысында биыл балаларға арналған жаңа сауықтыру лагерлері ашылады

Жетісу облысында балалар арасында көкжөтел ауруы жиіледі

2024-05-15


Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиевтің мәліметінше, биыл өңірде көкжөтелдің 34 жағдайы расталған. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың көрсеткіші көп. Сырқаттанушылық облыстың Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында тіркелді.

Толығырақ: Жетісу облысында балалар арасында көкжөтел ауруы жиіледі

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АУРУХАНАЛАРЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ НҰСҚАМАЛАРЫН ОРЫНДАДЫ

2024-05-03


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті орталық аудандық ауруханалар қызметінің мониторингін аяқтады. Мониторингтің мақсаты-олардың қызметінің бәсекелестік туралы заңнамаға сәйкестігін тексеру.

Орталық аудандық ауруханалардың жарғылық қызмет түрлері ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысының ережелеріне және Кәсіпкерлік кодекстің 192-бабының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Осыған байланысты Департамент жарғылық қызмет түрлерін монополияға қарсы заңнамаға сәйкес келтіру үшін бірқатар нұсқамалар шығарды.

Қазіргі уақытта барлық нұсқамалар орындалды, бұл әділ бәсекелестік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді және өңірдің денсаулық сақтау саласында монополиялық үстемдіктің алдын алады.

***********************************************************************************************************

Департамент Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан по области Жетісу завершил мониторинг деятельности центральных районных больниц. Цель мониторинга - проверка соответствия их деятельности законодательству о конкуренции.

Было установлено, что уставные виды деятельности центральных районных больниц не соответствуют положениям Постановления Правительства РК от 28 декабря 2015 года №1095 и требованиям статьи 192 Предпринимательского кодекса. В связи с этим, Департамент вынес ряд предписаний для приведения уставных видов деятельности в соответствие с антимонопольным законодательством.

На данный момент все предписания выполнены, что обеспечивает соблюдение принципов честной конкуренции и предотвращает монопольное доминирование в сфере здравоохранения региона.


Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4202308