Денсаулық

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалы Қаратал ауданының ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізуде

2023-04-11


Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыс бойынша филиалы қызметкерлері Қаратал ауданының ең көп сақтандырылмаған халқы бар ауылдық округтеріне барды.
Әкімдіктермен бірлесіп Балпық би, Тастөбе, Ескелді би, Жолбарыс батыр ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды. Тұрғындарға МӘМС туралы заң шеңберінде олардың құқықтары, әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жарналарды төлеу тәсілдері мен сомалары, жүйенің артықшылықтары мен ТМККК және МӘМС шеңберінде қолжетімді медициналық көмек көлемі түсіндірілді.
Азаматтар тарапынан 15 жеңілдікті санатына, медициналық қызметтердің қолжетімділігіне және пациенттің бағытына қатысты сұрақтар қозғалды.

Толығырақ: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалы Қаратал ауданының ауыл...

Жетісу облысында ағымдағы жылдың 9 айында 69 адам ЖИТС(СПИД) дертіне шалдыққан

2022-12-01


Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін өсім нәтижесінде Жетісу облысында ЖИТС дертіне шалдыққандар саны 1164 адамды құрады. Жыл басынан бергі тоғыз айдың ішінде өңірде 69 жағдай тіркелді. Олардың 18-і 14 жасқа толмаған балалар. Осындай ақпаратпен бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте сала мамандары бөлісті. Науқастың таралу жағдайы жайында ЖИТС-нің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы директорының ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық бақылау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Гүлмира Жақанова, аталмыш орталықтың дәрігер-инфекционисі Саниям Махмутова мен Жетісу облысы бойынша АИТВ науқасының алдын алу орталығының  дәрігер-эпидемиологі Марал Матембаева толыққанды ақпарат берді.

Толығырақ: Жетісу облысында ағымдағы жылдың 9 айында 69 адам ЖИТС(СПИД) дертіне шалдыққан

1-ші тоқсанда МӘМС бойынша 800-ден астам ЭКҰ рәсімі өткізілді

03.05.2022


1-ші тоқсанда МӘМС бойынша 800-ден астам ЭКҰ рәсімі өткізілді

2022 жылдың 1-ші тоқсанында МӘМС жүйесі шеңберінде экстракорпоралдық ұрықтандырудың 835 рәсімі орындалды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ЭКҰ-ны медициналық сақтандыру бойынша кім және қалай өте алатындығы туралы айтылды. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтілгендей, экстракорпоралдық ұрықтандыру процедурасы жоғары технологиялық медициналық қызметтерге жатады және қымбат болып табылады. Бұған дейін ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізілген болатын. Алайда, қаржыландыру көлемі аз болды, жылына шамамен 900–1000 квота бөлінді. Ал 2021 жылдан бастап ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл квота санын 7 есеге – жылына 7 000-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Процедура МӘМС қызметтер тізбесіне кіреді, сондықтан сақтандырылған пациенттер оны тегін өте алады.

Толығырақ: 1-ші тоқсанда МӘМС бойынша 800-ден астам ЭКҰ рәсімі өткізілді

Сарқанда тіс емханасы ашылды

2022-08-17

«Ебін тапқан екі асайды» дегендей бүгінгі таңда кәсіп бастағысы келген әр адам үшін мемлекет ұсынып отырған оңтайлы жолдар мен тиімді шешімдер бар. Соның бірі- «Басату бизнес» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Толығырақ: Сарқанда тіс емханасы ашылды

Более 800 процедур ЭКО проведено по ОСМС в 1 квартале

03.05.2022


Более 800 процедур ЭКО проведено по ОСМС в 1 квартале

 За 1 квартал 2022 года выполнено 835 процедур экстракорпорального оплодотворения в рамках системы ОСМС. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, кто и как может пройти ЭКО по медстраховке. 

 Как отметили в Фонде социального медицинского страхования, процедура экстракорпорального оплодотворения относится к высокотехнологичным медицинским услугам и является дорогостоящей. Ранее она проводилась в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи. Однако финансирование было незначительным, в год выделялось порядка 900–1000 квот. А с 2021 года по поручению Президента РК Касым-Жомарта Токаева в Казахстане реализуется программа «Аңсаған сәби». Это позволило увеличить количество квот в 7 раз – до 7 000 в год. Процедура входит в перечень услуг ОСМС, поэтому застрахованные пациенты могут пройти ее бесплатно.

Толығырақ: Более 800 процедур ЭКО проведено по ОСМС в 1 квартале

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4177945