Еңбек абыройға бөлейді

«Ер  мерейі-еңбекпен»  деген  емес пе, республика  көлемінде  тәтті  түбір  -  қант  қызылшасының   отандық өнімін өндірумен тікелей айналысатын бірден бір  бірегей  шаруашылық  «Қамқорлық»  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің басшысы - Әлен  Жолдасов  Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы Министрлігінің  «Ауыл  шаруашылығы  саласының   үздігі»  төсбелгісімен   марапатталды.

        Қант қызылшасының отандық элиталық тұқымын өсірудегі жоғарғы жетістіктері үшін берілген бұл награда Әлен Жолдасовқа қарашаның 30-шы жұлдызында өткен облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің қорытынды жиналысында салтанатты жағдайда табыс етілді.

       Табыстың тайқазанын толтыруға лайықты үлес қосып жүген  еңбегіңіз бұдан былай да жемісті бола берсін, Әлен Әбілмәжінұлы! 

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4201599