Жаңарудың жаңа мүмкіндігі

Жыл сайын үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясының 44-бабында атап көрсетілген міндетіне сәйкес Қазақстан халқына елдегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы дәстүрлі түрде жолданып келе жатқан Жолдаулары  халқымызды  «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050», «100 нақты қадам    Ұлт     жоспары»   стратегиялық бағдарламаларын табысты  жүзеге асыруға   жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға  игі  ықпал етуде.

 

            Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жаңа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  кезекті Жолдауы  еліміздегі басты салалардың алдында тұрған     басты міндеттер мен мақсаттарды ақындап беруімен құнды, жүгі ауыр, маңызы ерекше десек қателеспейміз. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін үш тілді білім беру, білім саласындағы жаңартылған мазмұнды бағдарламаға және латын әліпбиіне көшу жұмыстарын жүйелі, сауатты түрде жүргізу, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, жаһандық өзгерістерге кез келген уақытта дайын болу, ұстаздарды оқыту мен біліктіліктерін арттыру      жоспарын түбегейлі қайта қарап, дамытудың жаңартылған міндеттерін  айқындап  беріп отыр.

            Жолдаудағы жаңа оқыту бағдарламаларын меңгерген мұғалімдердің  айлық  жалақылары 30-дан 50 пайызға дейін қосымша көтерілетіні туралы жағымды жаңалық бізді биік мақсаттарды бағындыруға жігерлендіріп отыр. Бұндай қамқорлық мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, білім сапасын арттыратынына сенімім мол.

             Қорыта айтқанда, Жолдауда белгіленген 10 міндет жаңаруға жаңа мүмкіндіктерге жол ашып,  жан жақты дамуымызға тың серпін беретін болады.

 

Қайсар  Құдайбергенов,

Шежін орта мектебінің

директоры

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net