Мәдениет және руханият
Поэзияға жаны құмар оқырман
- Жарияланды 19.04.2023 04:50
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 45
2023-04-14
Кітапхана - оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші, білімнің кәусар бұлағы – кітап екені белгілі. Кітап дегеніміз – алдыңғы буынның кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті екені хақ.
Дала академигі атанған Николай Никитич Головацкийдің туғанына биыл 111 жыл
- Жарияланды 19.04.2023 04:35
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 45
2023-04-19
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, білікті басшы, ауыл шаруашылығының қайраткері Николай
Никитич Головацкий 1912 жылы 5 наурызда Украинаның Житомир қаласында шаруа отбасында дүниеге келіп, сәби шағында ата-анасынан ерте айырылды, олардың бет-бейнесі есінде жоқ. Житомир балалар үйіне қалай келгенін де есіне түсіре алмады. Оның саналы ғұмыры осы жерден басталады. Ол 1929 жылға дейін балалар үйінде тәрбиеленіп, жеті жылдық білім алады. Жетімдер жаз айларында ауылдарға барып, әркімге жалданып еңбек етуші еді. Сөйтіп азын-аулақ қыста талғажау жасайтын азық-түлік, ескі болса да бойға жылу беретін киім-кешек табатын. Бұғанасы қатпаған бозбала сол отты жылдардың кеудеге соққан толқындарын жарып, ер жетті.
Жетісулық шебер ауылда да бренд жасап отыр
- Жарияланды 20.02.2023 11:27
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 98
2023-02-20
Бала кездегі сурет салуға деген қызығушылық оны үлкен кәсіпкерлікке жетеледі. Алакөл ауданының тумасы Ертай Өміртаев бала жастайынан сурет салуды, сондай-ақ, қолөнерлікті ұнататын. Оған бұл қабілет атасы мен арғы атасынан дарыған, олар қарапайым ағашты нағыз өнер туындысына айналдырған жандар болған. Кейіпкер сол себептен шеберханасының атын «Бабалар жолы» деп атапты.
Су тасқыны жағдайы бақылауда
- Жарияланды 06.03.2023 10:04
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 91
2023-03-06
Кербұлақ және Алакөл аудандарындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Бұл туралы Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Игорь Жуков Өңірлік коммуникациялар алаңында мәлімдеді.
5 наурыздағы жағдай бойынша Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауданында 4 ауланы су басқан. Оқиға орнына 19 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта арық жүйесін тереңдету және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ғасырда бір туылар жарық жұлдыз
- Жарияланды 10.02.2023 10:58
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 124
2023-02-10
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді. Осыған орай аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Төлен Әбдікке арналған "Ғасырда бір туылар жарық жұлдыз" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Төлен Әбдіктің өмірбаяны, "Қазақстан ұлттық энциклопедиясының 1 томында жарияланған деректері, "Айтылмаған ақиқат", "Истина" ағылшын тіліндегі кітабы және дәйек сөздер мен қанатты сөздер қойылды.
Толығырақ: Ғасырда бір туылар жарық жұлдыз