Халық қаһарманын еске алды
- Толығырақ
- Жарияланды 21.11.2024 04:51
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 43
2024-11-21
ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамының қатысуымен Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Халық қаһарманы - Рақымжан Қошқарбаев» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
H.Дәулетова атындағы залда өткен маңызды шараны тарихшы, ғалым, алаштанушы Елдос Тоқтарбай жүргізді. Алғаш сөз алған ардагер диктор Аманжан Серіков батыр ағамыз туралы естелік айтты. Келесі кезекте сөз алған
Рахымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева әкесі туралы мазмұнды әңгіме айтты. Адамгершілігі мен ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін сомдады. Жастарды патриоттық рухқа шақырды. Көлемді шараның екінші бөлімі әдеби-музыкалық бағдарламаға жалғасты. Есімдері қазақ эстрадасына танымал өнер қырандары ән айтты. Жас ақындар өлең оқыды. Мәнерлеп оқудың шеберлері нақышына келтіре өлең жолдарын жатқа айты.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті