Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
- Толығырақ
- Жарияланды 12.02.2025 09:57
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 24
2025-02-12
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша Шекара басқармасының кітапхана бөлімінде қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты поэзия кеші өтті.
Кеш мақсаты: «Мен ХXI ғасыр ұрпақтарының құрадысымын», - деген ақынға жауап ретінде ұрпақтарының ешқашан ақиық ақынды ұмытпайтындығы, оның өміршең өлеңдері ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретінін көрсету. Кешке Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары, Тәрбиелік-идеологиялық және кадрлық бөлімінің бастығы подполковник Берік Қалиахмет бастаған офицерлер тобы мен сарбаздар қатысты. Поэзия кешінің жақсы өтуіне ат салысып, ақынның сырға толы өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқыған сарбаздар: Санжар Нұрпейісов, Нұрсұлтан Мергенбай, Берік Мәтелі, Рүстем Ғабит, Жалын Әлиасқар және кадр бөлімінің қызметкері Анар Әмірова. Ақынның «Шеше» өлеңіне көрініс қойылып, отырғандарды ана мен бала арасындағы сағыныш сезіміне жетеледі. Ақиық ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалып, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті