Еленген еңбек

Өткен аптада аудандық  Мәдениет үйінде «Еңбек Күні» қарсаңында облыстық  «салааралық мәдениет спорт және ақпарат» қызметкерлерінің кәсіподағы төрайымы  Құсайынова Бейбігүл Досбатырқызы аудандық мәдениет  саласы қызметкерлерін елеулі еңбектері үшін Алғыс хатпен марапаттап, осы  сала  қызметкерлері Қызжібек Жұматаева және Ардақ Тұрғанбекқызының  зейнеткерлікке шығуларына байланысты кәсіподақтың «Құрмет төсбелгісімен»  және «Алғыс хатпен»  марапаттады. Айта кететін жайт, бұл марапат екі апайымызға шипажайға 15 пайыз жеңілдік сыйлап отыр.    

        

        Сонымен қатар,  Д.Рақышев атындағы театр ұжымы, «Жаркент әуендері», «Жаркент жұлдыздары» да Алғыс хат иегері атанды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар сәуір және мамыр айында дүние есігін ашқан қызметкерлерді туған күндерімен құттықтап,  иықтарына орамал жапты. Салтанатты  іс-шара  театр ұжымының көрінісі,   әуезді ән, көтеріңкі көңіл - күймен жалғасын тапты.

Әйгерім   Абайқызы.

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net