Тарихқа деген жаңаша көзқарас

Таяуда ғана жарық көрген Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы тек біздің мемлекетіміздің ғана емес, Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары хақ.

 

        Біз күні кеше ел болып рухани жаңғыру кезеңін бастан өткердік. Ал бұл рухани жаңғырудың жалғасы іспетті мақалада тарихымыздың        бастаулары, түркі әлемінің генезисі, Ұлы Дала өркениеті, түркілердің адамзат тарихына қосқан сүбелі үлестері секілді ауқымды тақырыптар көтерілген. Сонымен қатар, осылардың барлығын жүзеге асырудың жолдары да нақты түрде баяндалып отыр. Бұл қазақ елінің тереңде жатқан тарихынан сыр шертіп, оны ары қарай жаңғыртудың бастамасы деп білемін. 

      Президент мақаласында айтылғандай, біз өз отанымыз – Қазақ елі мен оның байырғы халқы – қазақ халқын, басқа өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастыруымыз керек. Бұл менің ойымша тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы біз және біздің өсіп келе жатқан жас ұрпақ еліміздің тарихына тереңірек үңіліп, тегімізді біліп рухани кемелденуіне жол ашылмақ.  

     Елбасымыз өз сөзінде: «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз»,-дейді. Сондықтан өткенімізді мақтан тұтып, бүгінді бағалай білсек еліміздің келешегі кемелді, болашағы жарқын болары анық.

Т.ОСПАНОВ,

аудандық  мәслихаттың депутаты.

Күнтізбе

« Маусым 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net