Үш тұғырлы тілге арналды

10.10.2019ж

Тіл – елдің күретамыры. Тіл мерекесіне орай біздің іргелі шаңырағымыз А.Розбакиев атындағы орта мектебінде апталықтар өтті.


Тіл мерекесіне орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, методикалық бірлестіктің жетекшісі, тәжірибесі мол, ұлағатты ұстаз Назгүл Раева басшылығымен сыныптарда ашық сабақтар, өнеге сағаттары, тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарын қортындылай келе, бүгінгі жас ұрпақтың тілге деген құрметтерін арттыруға арнап, оқушылардың ұйымдастыруымен тіл фестивалін өткізді.
Фестивалге мектептің қамқоршы кеңес мүшелері, әкімшілік мүшелері Омашбеков Советай, Тохтахунов Масимжан, Чойғараева Гульнар, мектеп ұжымының тәлім – тәрбие ісінің меңгерушілері Мадина, Назира, Айтуған, ағылшын, ұйғыр, қазақ тілі мұғалімдері, оқушылары қатысты.
Тіл фестивалінде өте терең, заман талабына сай үш тілді еркін меңгерген оқушылар ортаға шығып, ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде сөйлеп, қонақтарды риза етті. Қай елдің болсын тілі, қашанда өздеріне қастерлі екендіктерін, ана тілдің ана сүтімен келгеніне ерекше мән беріп, үш тілде өлеңдер оқыды.
Елбасымыз айтқандай, үштұғырлы тілді меңгеруді жүзеге асыруда бүгінгі жастардың үлесі бар екенін, өздерінің өткізген тәрбие сағаттары мен тіл фестивалінен аңғардық.
Оқушыларды осындай дәрежеге жеткізген орыс тілі пәнінің тәжірибелі ұстазы Исмаилжанова Халидам, Именова Дильбарам, қазақ тілі мұғалімдері Сатыбалдиева Зәуре, Табылдиева Меңдігүл, Қожахметова Роза, Оразбекова Назира, Каликова Рыскүл, Жадыра, ұйғыр тілі пәнінің мұғалімдері Аршиева Махирам, Шакирова Захидам, Исмаилжанова Қалбуби, ағылшын тілі мұғалімдері Қарашева Айнагүл, Молдахметова Эльвира сияқты ұстаздардың оқушылары өздерінің білімділіктерін, тілге деген құрметтерін көпшілікке көрсете білді. Музыкант Аметов Сейтжанның да қосқан үлесі зор. Иминова Дильбрімнің оқушылары Қасимова Мадина, Баудинова Перизат, Усманова Сабина, Баудинова Назира, Евизов Зульяр, ағылшын тілін жетік меңгерген сынып оқушысы Жолдасқан Жанель, қазақ тілінде Елемес Нұрай, ұйғыр тілінде Аюповалар ерекше көзге түсті. Қазақ, ұйғыр, орыс, ағылшын тілінде ән – жырдан шашу шашты.
Тоқтаргүл Киізбаева,
зейнеткер ұстаз,
Пенжім ауылы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 730213