Мерекелік лебіздер

2023-10-20


Жерұйығы-Жаркентімнің елін, жұртын Республика күнімен құттықтағым келеді.


    Жандары жайсаң ағалар мен достарымды, еңбек жолында, өмірде ұстаз болған, керек кезде маңдайымнан сипап, ақылын айтқан кең дария қарияларды, көрсе дәм-тұзын  ала жүгіретін апа-жеңгелерді, бәрін-бәрін сағынады екенсің. Өте алыста жүрмесек те анда-санда көк майсалы жеріміздің ауасын жутып, дүниеден кеткен жандарды жоқтап, барының аман-саулығын сұрауға да тіршілік шіркін мойын бұрғызбайды-ау!
    Егеменді еліміздің шекарасында Тәуелсізгіміздің туын желбіретіп ерен еңбегімен, ақпейіл ашық жүрегімен, халқымыздың жарқын болашағына  үлес қосып жүрген бәріңізге зор денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт тілеймін.
                     Нұржас Жанпейсов,
                                жезтаңдай әнші,
             Дәнеш Рақышевтың шәкірті.