Ауданымызда «Ұлттық мұра» партиялық жобасы өтті

2023-10-20


«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында, Қырыққұдық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Кітап-асыл қазына» кітап көрме ұйымдастырылып, «Сөз сұлтаны-Сұлтанмахмұт» атты поэзия кеші өткізілді.

Мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру,бүгінгі жас ұрпақ үлгі-өнеге тұтып,болашақта ел-жұртының есті азаматы болып қалыптасуына ықпал ету. Шара барысында Жаркент орта мектебінің кітапханашысы Шолпан Әукешқызы жерлесі ақынның өмірбаянымен көрген,білгенімен оқырмандармен бөлісті.