Мемлекеттік тіл- менің тілім құрметтейтін

2023-11-17


Қазақ тілі Қазақстан  Республикасының мемлекеттік Tiлi болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқараста туған тіліңді білуден басталады. Тіл халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.

 

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ми- рас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Мемлекеттік тілдің қасиеті туралы канша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тоз- байтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: "Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттын сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады" байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Деген. Тіл Әр азамат өзінің ана тілің, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.

Мемлекеттік тілді дәріптеу мен оқып сырын түсінуде Жетісу облысы "<Тіл" оқу-әдістемелік орталығы Панфилов ауданы фили- алынан үйренгенім мен білгенім көп. Осы орталықта Мемлекеттік тілді тегін әрі сапалы оқып үйрететін мамандардың кәсіби шеберліктері мен тиянақты сабақтары өте жоғары деңгейде жүргізіледі. Қызықты тапсырмалар мен заманауи әдіс- тәсілдер арқылы тілді уйретеді. Сабақ қызықты етіледі.

Елінің болашағын ойлаған өр азамат мемлекеттік тілдің болашагына колынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған Ата-ананы қаділеу калай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу - ана сүтін беріп өсірген ананды умытумен бірдей.

Қазақ тілінің болашағы үшін аянбай тер төгу Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Сухраб КАЗАЧЕНКО, Аға сержант, Жетісу облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы Панфилов ауданы филиалының тыңдаушысы.