Өңір тынысы

Реформалар өз нәтижесін беруі қажет

2022-11-16


                     Менің ойымша бұл сайлау барша жастарымыз үшін өте маңызды. Елімізде  саяси өзгерістер болып жатыр. Мысалы президент сайлауына түсетін адам кандидат ретінде өзін бір рет ұсына алады. Мемлекет басшысы 2019 жылдан бастап біраз реформа ұсынды. Алдағы сайлау сол реформаларды іске асыру үшін маңызды қадамдар жасалмақ. Реформалар өз нәтижесін беруі керек. Сайлаудан әділеттілікті, тұрақтылықты күтемін. Мен елімнің болашағына сенемін, оның көркейіп жанданғанын мәңгі қалаймын.

 Мақсат ЕРМЕКҰЛЫ,

жастар өкілі

 

 

Өз таңдауымызды жасайтын сәт

2022-11-16


                Жақында елімізде айтулы үлкен іс-шара өткелі тұр. Ол – Президент сайлауы. Бұл іс-шараға қазақстандықтарды түгел қатысуға шақырамын. Өйткені бұл әр азаматтың өзіндік азаматтық борышы деп есептеймін.  Өз көзімізбен көріп, қолыңызбен ұстап, өз таңдауымызды жасайтын сәт келді. Сондықтан отандастарымызды осындай іс-шарадан тыс қалмай, белсене атсалысуға шақырамын.

Рыскелді Махмутов,

аудандық Мәслихат депутаты

Саяси додадан тыс қалмайық

2022-11-16


              Үстіміздегі жылдың 20 қарашасында өтетін кезектен тыс Президент сайлауына да санаулы күндер қалды. Бізге тұрақтылық пен ауызбіршілік, күшті Президентпен ықпалды Парламент керек. Сондықтан бұл сайлауды халықтың өзіне беріліп отырған үлкен мүмкіндік деп білемін.

              Қолдаймын Сайлауды.  Сайлаудан кейін жалпы мынау халықтың әл-ауқаты, халықтың мәдениеті, әдебиеті, ғылымына көп көңіл аударамыз деген уәделер бар, соған сенемін мен. Болашақ үшін, жақсылықтар үшін еліміздің абыройының биіктей беруі үшін отандастарымызды сайлаудан тыс қалмауға шақырамын.

                                                                                                                                                Әлен Жолдасов,

                                                                                                                            «Қамқорлық» ЖШС төреағасы

Сайлау –демократиялық өміріміздің көрінісі

2022-11-16


              Биылғы жылдың 20 қарашасы – еліміз үшін сын кезең болып тұрғанын бәрімізде білеміз. Президент сайлауы деген еліміздің тағдыры үшін, келешегіміздің бағыт – бағдары үшін маңызды тұлға екенін түсінуіміз керек.

              Мен барлық жерлестерімді 20 қараша  да өтетін Президент сайлауына жаппай қатысуға шақырамын. Өйткені бұл күн өз таңдауымызды жасайтын күн.

 

Ғалымжан Рысбаев,

Еңбекші орта мектебінің директоры.

 

 

Бұл сайлаудан үміт көп

2022-11-16


             Әділетті Қазақстанды құру үшін көптеген жаңа дүние жасалатын болады.Онымен қоса кедергілер де болатыны анық. Сол жағын халық дұрыс түсіну керек. Алдағы сайлауда ел Президенті 7 жылға сайланады.

            Бұл сайлаудан күтетініміз көп. Ел президенттігне сайланатын тұлғаларымыз халықтың жағдайын әрмен қарай жақсарта берсін. Еліміз дамыған елдердің қатарында сап түзеп, жастарымыз жалындай берсін деген ниеттемін.

             Сондықтан да әркімнің дауысы маңызды. Сайлауға белсене қатысайық!

                                                                                                                                     Марат Сәбетайұлы,

                                                                               аудандық аурухананың  хирургия бөлімінің меңгерушісі 

               

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4156461