Рухани жаңғыру

Латын әліпбиі - келешектің кілті

Негізі  латын  әліпбиіне   көшудің қазіргі  таңда қиындығы  бар деп ойламаймын. Өйткені мектеп қабырғасындағы балалардың өзі ағылшын тілін оқып, латын әріптерін  онсыз да үйреніп жүргені бәрімізге белгілі.

Толығырақ: Латын әліпбиі - келешектің кілті

Тарихы терең Басқұншы

    Суретте: (оңнан солға қарай) ауылда   білім  мен мәдениеттің  дамуына  өзіндік   үлес  қосып    жүрген   мектеп  директоры  Гүлнар Шақаева мен  осы  шараға   шақырылған   қонақтардың   бірі  Сәкен  Ғұмаров.

 

    Суретте: (солдан оңға қарай) Басқұншы ауылдық округінің әкімі Серік Медетбеков, ауылдың  бұрынғы тұрғындары  Нәдила Еспенбетова мен Пірімжан Садықов.

 

Жуырда  Басқұншы ауылының 130 жылдығы  салтанатты түрде аталып өтілді. Ауылдың мәдениет үйінде өткен бұл шараға Басқұншы ауылының  бұрынғы және қазіргі тұрғындары келді. Алыс – жақыннан шақырылған Басқұншы  ауылының бұрынғы тұрғындары да торқалы тойға белсене қатысты.

Толығырақ: Тарихы терең Басқұншы

Жаңа жолға – жаңа бағыт!

Елбасының әр жылғы Жолдауы — тарихи құжат. Әр жолдауы белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталады. Елбасының биылғы Жолдауы жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Бұл  Жолдауда шешілуі тиіс 10 мәселе көрсетілген.

Толығырақ: Жаңа жолға – жаңа бағыт!

КЕРБАСТАУ, КЕЛІНШЕК САЙ, КЕРЕЙ БҰЛАҚ

«Ат    болмас  жетектесең,                                                              шегіншек тай,

    Аймалап   Кербастауды  

                                  шерін  шертті-ай!»

    Қабанбай,  Қаракерей

                                         бекініс  қып,

 Атанған Керей бұлақ, Келіншек сай», - деген өлең шумағын осыдан аттай 45 жыл бұрын жатқан жерің жәннат боп, иманың жолдасың болғыр қайран әкем Төреханның тізесінде отырып естіп едім. 1957 жылы осындай қасиетті атауға ие болған құт мекеннің топырағын сүйіп, мөлдірінен сусынымды қандырдым. Осы бір шумақ өлең тарихы еріксіз қолыма қалам алуыма түрткі болды.

Толығырақ: КЕРБАСТАУ, КЕЛІНШЕК САЙ, КЕРЕЙ БҰЛАҚ

Латын әліпбиін қолдаймыз

Біздің  Нәдек  орта мектеп ұжымы латын әліпбиіне  көшу туралы мәселені бірауыздан ұжым арасында  қолдап, қуаттады.       Ұжым арасында  жиналыстар өткізіліп, ұжымның пікірлері тыңдалды. Мектебіміз Ә.Қастеев атындағы мектеп ұжымымен тығыз байланысып, тәжірибе  алмастық.     

Толығырақ: Латын әліпбиін қолдаймыз

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net