ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН «ЫНТЫМАҚ» АУЫЛы

29.03.2019ж

Халқымызда «Бірлігі жарасқан ел тозбайды» деген қанатты сөз бар. Шындығында халықтың тату-тәтті өмір сүріп, елінің жарқын болашағы үшін бірлесе жұмыс істеуі егеменді еліміздің ең үлкен бақыты.

 

            Жазиралы Жаркент жерінде бірлігі жарасқан көпұлтты ауыл дегенде ең алдымен ойымызға «Ынтымақ» (бұрынғы атауы Төменгі Пенжім) ауылы оралады. Жуырда ғана ауыл атауы осы  ауыл    тұрғындарының  бастамасымен өзгертілген болатын. Ауыл атауын өзгерту туралы шешім жыл басында ғана мақұлданып  «Ынтымақ» деген атау берілді.

            Топырағы құнарлы, жері жайлы ауылда ұйғыр, қазақ, орыс ұлттары бір атаның баласындай ауызбіршілікте күн кешіп келеді. Кез келген мереке және ауқымды іс-шаралар кезінде ауыл тұрғындары жұмылған жұдырықтай  бірлесіп, оның өз межесінде өтуіне үнемі атсалысады.

             Жуырда ғана мәні мен мағынасы жарасқан ауыл атауының өзгертілгеніне ауыл тұрғындары өздерінің зор ризашылдықтарын білдіріп, ауыл азаматтары жаңа арка құрылысын салуға бірден кірісіп те кетті. Ал арка құрылысына қажетті қаражатты ауыл әкімдігі немесе қалталы азаматтар емес, барша ауыл тұрғындары жинап берген. Қажетті қаражат жиналғаннан кейін сенбілік ұйымдастырылып, ауыл азаматтарының жігерлі қарқынымен жаңа арка да санаулы уақыт ішінде бой көтергендігін ерекше атап өткен орынды.

      Аудандағы шағын ғана ауылдың бірі болса да, өңірдің экономикалық дамуына айрықша үлес қосып,           жастары білімі мен біліктілігі жағынан үнемі көш басынан  көрініп келеді. Туған жерін сүйетін, туған жері үшін еңбек ететін, бойында елім деген патриоттық сезімі бар осындай халық барда еліміздің еңсесін ешкім де құлата алмайтындықтары ақиқат.

            Ауылды мекен еткен тұрғындардың бастамасымен іске асқан бұл  жұмыс барысында біз осыны аңғардық.

Ақмарал   ХАМЕТЖАНОВА .

 

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 674732