Жатсар жалындап жүр

06.05.2019ж

Дана жұртымызда «Ауылына қарап азаматын таны» деген тамаша сөз бар. Ауылдан шыққан азаматтардың туған жерін түлетуге қосқан үлесі туралы да қазір жиі айтылып жүр.

Әулиеағаш ауылының мектеп түлектері де алтын бесігін көркейтуге әр жылдары өз үлестерін қосып келеді.

      Міне, тағы бір игі істің куәсі болып, қуанып қалдық. «Ауылым, елім, туған жерім!» деген, туған жерін ардақ тұтқан ауыл азаматтары, яғни Әулиеағаш орта мектебін осыдан 20 жыл бұрын бітірген 1982 жылғы азаматтар ауылдың кіре берісіне ауылдың атын қайта жаңғыртып жаңалап салып, ел игілігіне берді. Өздерінің туған ауылдарына осындай қолтаңба қалдырғандары көпшіліктің көңілін сүйсінтті.

     Ағымдағы жылдың 1 – мамыр күні  Әулиеағаш ауылының халқы қуанышты сәттің куәсі болып, салтанатты түрде лента қию рәсімі өтті. Шарада алдымен округ әкімі    Ермек  Нұрахметов  құттықтау сөз сөйлеп, туған өлкесіне тамаша сыйды тарту еткен түлектерге зор ризашылығын білдірді. Мұнан кейін аудандық мәслихат депутаты Қ.Ахметқалиев, еңбек ардагері Ұ.Қарағалиева және ауыл тұрғындары ізгі тілектерін айтып, қариялар ақ батасын берді.

     Кеше ғана мектеп бітірген түлектердің  бүгінде азамат болып, әрқайсысы өмірден өз орнын тауып, елге деген сүйіспеншілікпен жұмылған жұдырықтай бірігіп, халыққа қызмет етуі – үлкен азаматтықтың дәлелі болды.Туған ауылға деген түлектердің бұл жанашырлығы оларды халықтың зор ықыласына бөледі.

                             Алмас Құрманов,

Үлкенағаш ауылдық

округ әкімі аппаратының

 жастар ісі жөніндегі

 әдіскер нұсқаушысы.

 

Күнтізбе

« Тамыз 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net