«Жер жұмағы -жетісу»

06.05.2019ж

Қазақстан   Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Алматы облысы мектептерінің 7-9 сынып оқушылары арасында өткен «Киелі мекенім- Жетісу»

атты өлкетану ізденіс жұмыстарының байқауына Абай атындағы орта мектебінің 9а сынып оқушысы Қайыпбек Мөлдір Қанатқызы қатысып, «Жаркент жерінде өсетін өсімдіктердің емдік қасиеттері» тақырыбында ғылыми жұмысын қорғады.Аталған ғылыми жұмыс облыстық байқауда бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

       «Бұлақ көрсең көзін аш» деген халық даналығының мән-мазмұны осында болса керек-ті. Жетекшісі бірінші санатты тарих-география пәнінің мұғалімі Қапалова Бақыт Орманғалиқызы. Осы ғылыми жұмыс Жаркент өңірінің ақын-сазгер, ел ағасы Жақыбаев Базархан Төреханұлының «Жаркентте жеті өзен, жеті арасан» еңбегінің негізіне сүйеніп жазылды.Өз өлкеміздің тарихын, емдік өсімдіктерін, шипалы суларын зерттеп-зерделеу ұрпақ алдындағы парыз.

     Олай болатын болса, өскелең жас ұрпақтың бойына тұған өлкенің тумса табиғатын зерттеуге деген қызығушылығын оята білу ең алдымен ұстаздар жауапкершілігінің табандылығынан көрініс табатыны ақиқат.Мектебімізде осындай республикалық, облыстық байқаулардан шәкірттеріміз жүлделі орындар алуда. Шәкірттеріміздің биік белестерді бағындыруына мектебіміздің директоры Ұлмекен Базарханқызының шығармашылық бағыт-бағдар беріп, үнемі қолдау көрсетуінің нәтижесі.

     Әр ғалымның ашқан жаңалығында оның өзі білмейтін тағы да сырлары болады, оны келешек ұрпақ толықтырып, жаңа сипат беріп жаңартады демекші, мектебіміздің оқушысы Қайыпбек Мөлдір осындай ғылыми жұмыстарды қолға алу арқылы биік белестерді әлі де бағындырады деп сенеміз. 

 Ж.Аманжолова,

тарих, өзін-өзі тану пән

 бірлестігінің жетекшісі.    

Күнтізбе

« Мамыр 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net