Жеті қазынамыздың бірі кімнің жетегінде?

17.05.2019ж

FCI- Әлемдік кинологтар қауымдастығы деген ұйым бар. Таза сұрыпталып, генетикалық тұқымдары төрт буынмен сараптамадан өткен асыл тұқымды иттерді қауымдастыққа тіркейді. Ал, мұндай асыл тұқымды иттерді қай ұлт бірінші тіркесе сол ұлттың  еншісіне  жатады.

 

     Қазақтың құмай тазысы дәл қазір әлемдік кинология қауымдастығының  алдында мойындалмаған. Демек, жеті қазынамыздың бірі әзірге біздің меншігіміз емес деген сөз.

     Жаркентте тазы иттерді асырап, осы қауымдастыққа тіркетуге атсалысып жүрген бірқатар азаматтар бар. Жақында «Іле-Балқаш» фестивалі аясында өткен тазылар көрмесінде жаркенттік тазылар аталған ұйымның бекітілген стандарттарына  сай келіп, жүлделі орындарға ие болды.

     Құмай тазыны әлемдік кинологтар ұйымына тіркетіп, қазақтың тазысы етіп мойындату үшін мыңдаған тазылардың төрт буынынан өсім алып, стандартқа келтіру керек,-дейді тазыларды өсіріп жүрген Еркебұлан Дәулеткелдіұлы. Таза қанды құмай тазылардың санын көбейтіп, әлемге мойындатуды мақсат тұтқан азаматтар ұлттық құндылығымыз, жетінші қазынамыз жаттың  жетегінде кетпеуі үшін осы бағытта барымызды саламыз,- деп отыр.

     Айта кету керек, біздегі бірнеше бірлестіктер мен ұйымдар халықаралық деңгейде қазақтың асыл тұқымды тазысын тіркетуге атсалысып жүргенмен нәтижесі баяу. Қазақстанда тазы иттердің көрмесі мен жарысын өткізіп, сұрыпталғандарын тіркеуге алады екен. Ал, оларды генетикалық сараптамаға жібереді. Бекітілген стандартқа сай келетін тазылар әлемдік кинология ұйымына ұсынылады. Бірақ бұл көп уақытқа созылуы мүмкін дейді.

     Ұлы даланың жеті қырындағы Аң стилін алайықшы?! Біздің тарих, біздің дәстүр емес пе?!  Ежелгі салтымыз бен мәдениетіміздің бөлшегі  болған  құмай  тазымыз  ендеше біздің  меншігіміз  болуы  тиіс.

Н. Ханағатұлы,

  ауданы  әкімінің

 баспасөз  хатшысы .

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 677609