Шырайлы "Шарын" шатқалы

16.08.2019ж

Жазиралы Жаркент жері десе көпшіліктің ойына бірден киелі Әулие ағаш пен Уәлибай мешіті, биік таулар, керемет табиғат, қойма-қойма жүгері және әлемнің екі мемлекетінде ғана бар шатқал оралатыны анық. Осы орайда Жетісу жеріне ерекше әсемдік сыйлап тұрған «Шарын» шатқалы туралы мәлімет бергім келеді.

Танымал шатқал бойын бойлай ағып жатқан Шарын өзені ең үлкен өзен аңғары болып табылады. Жетісу жеріне ерекше әсемдік сыйлап отырған мұндай табиғат көркі 30 млн. жыл бұрын пайда болған. Шарын шатқалы қазақ еліндегі табиғаты ерекше туристік мекеннің бірі саналады. Шатқалға алғаш барған адамға ерекше әсемдікпен, реттілікпен бейнеленген үлкен тастар құдды қолдан салынғандай әсер сыйлайды. Пішіндері ғимарат пен мұнараға қатты ұқсайды. Ал, алып тастардың табиғи түстері сұлулық гармониясын қалыптастырып тұр. Шатқалдың «Австралия ұлттық саябағы» мен «Аризон толқынына» ұқсайтын белгілері бар.
Шарын шатқалының төменгі аралығында үнділік бөріқарақат (барбарис) тораңғы терегі жайлап өскен. Күз айларында бұл аңғар қып-қызыл жидектерге толады. Шарын өзенінің сағасында шаған орманы тамырын тереңге жайған. Осы тектес табиғи зона тек Солтүстік Америка жерінде ғана бар. Бұл орман бұрын Жетісу жағалауында жойылып кеткен хайуандар кезінен бері өмір сүріп келеді. Осы аймақта 1500-ге жуық өсімдік түрі өседі.
2005 жылы каньон аумағы мен шаған орманына қорық жасалып, қазіргі таңда «қызыл кітапқа» 17 өсімдік, 62 сүтқоректі жануар, 103 ұялайтын құс, 62 бауырымен жорғалаушы еніп, қорғауға алынған.
Құралай Ыстамбек,
Пенжім ауылы.

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 694789