Қазақстан - түркі әлемінің қара шаңырағы

04.10.2019ж

Жуырда  аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі мен балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – түркі әлемнің қара  шаңырағы, алтын бесігі» атты тарихи танымдық  кеш болып өтті.

 

  Кеш ұлт мақтанышы, тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Түркі әлемінің бесігі» және «Түркі әлемінің генезисі» бөлімдері аясында аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған «Рухани жаңғыру» залында өткізілді.

    Шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Тұрғанбеков Нұржан, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері және кітапханашылар қатысты. Кеште Түркі әлемінің бесігі атанған Түркістан қаласы,ежелгі Отырар қаласы және қазақ жеріндегі басқа да қалалар жайында деректі мағлұматтар беріліп,онда өмір сүрген ұлы ғұлама-ғалымдар Әбу Нәсір Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иасауи жайында да сөз қозғалды.  Орта ғасырдағы түркі әлемнің мәдениеті тарихы да тілге тиек болды. Шарада өнерпаз балалар Мұхаметжан Марлен мен Әзімақын Аслан күйден шашу шашты. Арнайы  ұйымдастырылған кітап көрмесіне балалар кітапханасының меңгерушісі Г.Ибраимова ұсыныс-дайджест жасады.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 720610