кемел келешектің жарқын үлгісі

24.01.2020ж

Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауларында мемлекет дамуына бағытталған тың мәселелерді қамтиды. Биылғы Жолдауда да халық тұрмысын жақсарту, ел экономикасын өркендету және тағы басқа да өзекті мәселелер қамтылып, нақты жоспар белгіленді.

Халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуі, өмір сүру сапасының артуы, саяси ахуалдың тұрақтылығы, ел экономикасының дамуы-мемлекет алдындағы басты мақсат. Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты. Бұл тұрғыда Президент барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарына жұмыс істейтін адамдардың жалақыларын көтеруді міндеттеді.Сонымен қатар, жеке кәсіп ашып,оны дамытуға мүмкіндік беретін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мерзімін 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырды. Бұл қазақстандықтардың өз кәсібін дамытуға жасалған ең үлкен көмек деп есептеймін.
Соңғы жылдарда мемлекетіміз. Қазақстанның дамуына септігін тигізетін ауқымды бағдарламаларды қолға алған болатын. Бұл бағдарламалардың барлығы дерлік халықтың тұрмыс сапасын арттыруға себепші болуда. Әсіресе, мемлекеттегі білім сапасының артуына барынша жағдай жасауды тапсырғандығы көңілге қуаныш ұялатады. Күн санап дамыған жаһандану заманы жан- жақты жетілген, ұтқыр ойлы талапшыл жастарды қажет етеді.
Жалпы өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат орнату жолында бағытымыз айқындалып жарқын болашақ жолына қадам жасамақпыз. Бұл жолда әрбір қазақстандық еліміздегі өзгерістер үдерістеріне белсенді түрде атсалысулары керек.
Бахытжан Сабырбаев,
аудандық мәслихаттың
депутаты,
«Нұр Отан» партиясының
фракция мүшесі.

Күнтізбе

« Қараша 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1490992