Ұлттық жаңғыру заңға бағынудан басталады

23.04.2020ж

Е л б а с ы м ы з д ы ң  «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса,ешқандай жаңғыру болмайды.

Екнішісі – алға басу үшін ұлттың дамуына

кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деген қағидасын біздің ұлттық жаңғыруымыздың басты әрі мақсатты міндетімізге айналуы қажет. Бұл жағдай  біздің ұлттық санамыздың кемелдене түсуіне, көкжиегінің кеңеюіне, бүгінгі және келер замандардың талабына сай болуымыздың алғышарттарының бірі екендігін ұғына түскеніміз абзал.

Ұлттық жаңғыру заңға бағынудан басталады. Өз елінің Ата Заңына бағынбаған ұлттың болашағы барар жолы да алыс болмайды. Сондықтан еліміздің  сот билігі де ұлттық жаңғыру мәселелеріне мән беруде.  Замана көшімен  ілесіп бізге жеткен әділқазы, адал билер жүргізген сот шешімдері әлі күнге дейін өз  маңыздылығын жойған жоқ. Олар ұстанған имандылық, адалдық, әділдік, турашылдық принципін бүгінгі судьялар да мықтап ұстанғаны абзал. 

Шешендік өнер мен әділ билерімізсіз бай тәжірибелері туралы жастарға неғұрлым терең

ұғындырған жөн. Әсіресе,  болашақ заңгер боламын, құқық қорғау органдарын-

да еңбек етемін деп алды на үлкен мақсат қойған жас буынға билердің өнегелі

жолын оқытып, шешендік  өнерге баулып, арнайы курстар оқытылуы қажет.

Тегінде, қазақтың шешендік өнерін барынша меңгеріп, билер сотының бай дәстүріне сай, ар мен адамгершілік өлшемінен аттамау абзал.

Динара ҚҰЙҚАБАЕВА,

аудандық соттың

судьясы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1501809