КЕРЕМЕТІ КӨП КИЕЛІ АҒАШТЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

07.08.2020ж

Ауданымыздағы Әулиеғаш – нағыз ғажайып ағаш. Жеті ғасырдан астам тарихы бар, жеті адамның құшағы әрең жететін қасиетті ағаш Моңғол шапқыншылығы кезінде 1500 әскерді қалқалап жаудан аман алып қалған. Осы ағаш және құпияға толы Жаркент алқабы мен мұндағы киелі жерлердің аңыздары мыңдаған туристерді өз құпияларымен бірден баурап алады.

Табиғаттың қайталанбас жаратылысына қамқорлық жасай отырып, аудан әкімі Т.Өмірәлиевтің бастамасымен және Үлкенағаш ауылдық округінің тұрғындары жеті ғасырдан астам уақыт бойы өсіп келе жатқан киелі ағаш орналасқан саябақты қайта құруды қолға алды. 

Әулиеағаштағы Киелі ағашқы барып, біз оның жаңа келбетіне бірден назар аудардық. Ауыл тұрғындары ауылдық округ әкім Ермек Нұрахметовпен және меценаттармен бірлесіп, саябақтың аумағын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізгендігін аңғардық. Киелі ағашқа барар жол жөнделген. Саябақ аумағы толықтай жарықтандырылған. Келушілерге келеңсіздік тудырмас үшін арнайы көлік қоятын тұрақ, дәретхана салынып, жаңаша кейіпке енген. 
Сондай-ақ шағын көпір, жаяу адамға арналған жолдар, бастысы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жол, пандус салынған.Ағаштың айналасына тротуарлар салынып, жылдың әр символына сәйкес келетін 12 орындық қойылған. Кешке қасиетті ағаш ымырт басталуымен қосылып, күннің алғашқы сәулелерімен өшірілетін шамдармен жарықтандырылған. 
-Әулиеғаш Қазақстанның танымал тарихи орындары бейнеленетін «Тарихи жол» бағдарламасына енгізілді. Енді телефонға арнайы қосымшаны жүктеп, қасиетті ағаштың әсемдігі мен ұлылығын көруге болады,-дейді Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Ермек Нұрахметов. –Ауданға танымал белгілі сәулетші Қайрат Абаевпен бірге аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес біз Әулиеағаштың айналасын абаттандыру жоспарын жасап, құрылыс жұмыстарының үлкен көлемін аяқтадық. Бұл жұмыстардың барлығы демеушілердің қолдауымен аяқталды. Атап айтқанда, С.Ақсубаев пен Әулиеғаш ауылындағы кірпіш зауытының басшысы Т.Багаевтың қолдауымен 4,5 млн теңгеге «Максдорстройсервис» ЖШС мамандарының арқасында жаңа жол төселді. Сонымен қатар, ақсақалдар қауымы мен қарапайым тұрғындардың атсалысуымен әдемі қоршаулар бой көтеріп, орындықтар орнатылды. Мұнымен қоса, Үйсін руынан шыққан Әулие батыр Қойшыбек ұлы Мыңбатыр жерленген жерге мәрмәр тақта қойылған. 
Табиғи ескерткіш кешеніне жаңадан үйленген жас жұбайлар келетін негізгі орын себепті шаңырақ пен бесіктің символы «Бозбала мен бойжеткен» атты жаңа орын ашылды. Сондай-ақ мұнда символикалық шаңырақ орнату міндеті тұр. Ескі сенім бойынша бедеуліктен зардап шеккен әйелдер осы жерге келіп Алла Тағалаға сыйынған. Айтуларынша бұл рәсімнен кейін көптеген әйелдер ана болу бақытына ие болған. 
Әулиеғаш өзінің құпияға толы емдік күшімен әлем елдеріне танымал. Мұнда көз, құлақ, мұрын ауруларын емдейтін ағаштар бар. Киелі ағашқа келген адамдар ағашқа қол тигізу арқылы керемет энергия алып, негативтен тазарып, жаңа күшке ие бола алады. 
А.ҚУАНТАЙҚЫЗЫ.

Күнтізбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1427445