Жаңа белес

18.09.2020ж

Ұлттық жаңғыру   деген ұғымның  өзі - ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Елімізде қолға алынған бағдарламаға шет елдердің саясаткерлері, белді басшылары оң бағасын беріп те үлгерді. Жаһандануға бет бұрған қазіргі қоғам рухани азыққа зәру екені жасырын емес.

 

     Жаңғыру - жаңа белес. Әуелгі 3-ші модернизация  ізін ала елдегі    саяси реформалар, экономика, саясат деген  бастапқы   идеядан  ауытқу жоқ, бірақ, екеуінің  де  рухани жаңғырусыз берешегі көп емес.

      Рухани  жаңғырудың бір тарауы - туған жер. Ата-мекенді  қадір  тұтуға  баулитын бастаманың  мәні  тым ерекше. Қазірден бастап мектептегі балаларға өз ауылы, ауданы мен өлке тарихын айтып, таныстыра беру қажет. Өйткені бүгінгі жастардың  көбі  өздері туып-өскен  ауданы  мен өлке тарихын біле бермейді.  Ауылдың  тарихын, оның  байлығын  әрбір ауыл тұрғындары жалпы жас  ұрпақ біліп өссе, ол әрине, қоғам үшін  мемлекет үшін пайдалы болар еді.

     Бағдарлама отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелейді.

     Туған  жердің  тау мен  тасы тұнып тұрған тарих. Әрбір сай саласын, әрбір   тауын, әрбір жолын, судың  атын  қайдан шыққан екенін жазатын болсақ, сонда қазақтың тарихы ешқашан өшпейді.

      Туған жер, тіл, тарих, білімімен ұлттық сана өркениетті елдермен тереземізді теңестірудің төте жолы - осы құндылықтарымызды жаңғыртуда жатыр.

                                                                                                             Б.Тлеухан.

Күнтізбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1414400