Игілікті істер ізсіз кетпейді

Елінің, ауылының мәдениеті мен мәребесін көтеруге ат салысқан біртуар азаматтардың еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету біздің міндетіміз әрі борышымыз. Осы орайда, Үшарал орта мектебінде аудандық мәслихат депутаты , мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Е.Сұлтановтың ұйымдастыруымен өткен «Қалдырған ізің мәңгілік» атты еске алу кеші Панфилов ауданының «Құрметті азаматы» , зейнеткер ұстаз Жұмағали Қожахановтың 75 жылдығына арналды.Кешке зейнеткер ұстаздың отбасы мүшелері, туған-туыстары, ұстаздар ,ауылдық округ мамандары, оқушылар қатысты. Мектепте Ж.Қожахановтың өмір жолынан «Өмір өткелдері» тақырыбында арнайы бейне ролик және көрме көрсетілді.


Кешке келген зейнеткер ұстаздар А.Айыпов, С.Үмбетов, Д.Базылбекова, А.Абуталиева естеліктер айтып, жас ұрпақты тәрбиелеудегі кәсіби шеберлігі жайында әңгімелерін ортаға салды. Ауыл ақсақалдары қоғамдастығының төрағасы Талғат Ибрайымов пен зейнеткер Ә.Мейірбеков Ж.Қожахановтың ауылдың әл-аухатын арттырудағы толассыз еңбегі жайлы сыр шертті.Сонымен қатар зейнеткер ұстаздың өмірлік жары Рая Шаяхметова, інісі Дүйсенғали Қожаханов пен мектеп директоры Құрманғали Айтақынұлы, тағы басқа да туған-туыстары өз ойларын айтып , еске алды.Кеш соңында оқушылар жырдан шашу шашып, кеш қонақтарына ән сыйлады.
Шара соңында оқушылар арасында футболдан турнир ұйымдастырылып, ұстаздың жары Рая Шаяхметова демеушілік жасап, жүлделі орындарға сыйлықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді.
Н.Нүсіпова,
Үшарал орта мектебінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі .

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 731124