Берері мол жобалар

А.В.Луначарский атындағы  орта мектеп-гимназиясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Игі іс-шараны тарих пәнінің мұғалімі Әуесбаева Майра  Әбдікерімқызы ұйымдастырды.

 

            Мақсаты: оқушыларға Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын , насихаттау аясында этноұлттық құрмет көрсетушілікті айыптаулардың таралуына жол бермеу мақсатында ұлттың мәдени кодына, тарихи фактілерге, латын қарпіне көшуге, Қазақстанның киелі жерлеріне қатысты мәселелерді және басқа да «сезімтал» мәселелерді түсіндіру, өлкетанулық негізде ұйымдастырылған «Туған жер» бағдарламасы арқылы патриотизмді қалыптастыруға арналды.    Жиынға мектеп-гимназия директоры Н.Нұрғалықұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары М.Ахметова, А.Хасенова, Г.Құдайбергенова, директордың оқу-тәрбие жұмысының орынбасарлары Э.Ибрагимова, О.Старченко, мектеп ұжымы ата-аналар қатысты.Шараға қатысқан 8-11 сынып оқушылары Елбасы мақаласына жарыса шолу жүргізіп, жан-жақты мысалдармен түсіндіріп, өз пікірлерін ортаға салды.

            Елбасымыз ұсынған «Туған  жер», «Қазақстанның қасиетті рухани  құндылықтары-Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобаларына сай 8 «А», 8 «Ә», 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушылары «Жаркент-Арасан», «Уәлибай мешіті», «Әулие ағаш», «Орыс шіркеуі» туралы өздері дайындаған жобаларын қорғады.Әсіресе, 9-10 сынып оқушылары  қазақ тілін біртіндеп латынға ауыстыру, «Жаңа гуманитарлық білім.Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның 100 тұлғасы», « Цифрлы Қазақстан» атты Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты ұсынған жобаларының маңыздылығына назар аударғандығы туралы өз пікірлерін ұтымды жеткізе білді.

            Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда сақталғанда ғана Ұлт ретінде жасай беретін боламыз», - Дей келе, қоғамымыздың рухани жаңғыруын айқындап тұрған бағдарламалық құжаттағы міндеттерді іске асыруда баршаны белсенділік танытуға шақырды.

Жансая ОРМАНБЕКОВА,

Мәдина ӘУЕЛБЕКОВА,

Луначарский атындағы орта мектеп-

гимназиясының мұғалімдері.

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net