Мерейлі мекен

Туған жер әркімге-ақ  ыстық. Мен туған өлкемді ,Отанымды өте жақсы көремін. Себебі - осы уақыт ішінде өзіме қажетті білім мен дағдыларды алып , өз елімнің әсем табиғатымен демалып, өсіп-өніп , келемін. Өзімді туған өлкенің бір бөлшегі деп есептеймін.

 

         Ынтымықтары жарасқан, жақсылықтары жүрегінде ,ұлттық әдет-ғұрыпты қастерлеген ,қарттарын сыйлаған,жасыл желегі мол құт-береке дарыған өлкеде Панфилов атты аудан бар.Елі мен жерін қорғаған батырлары мен ақиық ақындары көп,табиғатының көркемдігімен, елінің алға өркендеуімен аты шыққан Панфилов ауданы қай жағынан болса да мақтауға тұрарлықтай.

         Бүгінгі таңда ауыз толтырып айтарлықтай жерлер өте көп.Солардың бірі де бірегейі «Жаркент мешіті» сәулет- көркемөнер мұражайы.

         Бұл мешітті салуға негізгі құрылыс материалы ретінде ағаш пайдаланылған. Құрылыстың ағаш бөліктерін құрастырып тұрғызу жұмысы бір маусымда аяқталып,1892 жылы салынып бітеді. Мешіт соншалықты шеберлікпен қиюластырылған 122 бағанадан тұрады. Ғажайып ғимарат шегесіз салынған. Ернеулеріне әсем ою, келісті өрнектер жүргізілген ағаш шатыр алыстан көз тартады. «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейі халық игілігіне жарап, көрермендерін қабылдау үстінде.

         2008 жылы тамыз айында Елбасы Н.Ә.Назарбаев келіп «Жаркент мешіті» туралы құнды пікірлер айтып,жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесін айқындап жоғары бағалаған екен.

         Ауданымыздағы таулы мекенде орналасқан «Жаркент арасаны» табиғаты тамаша шипажай. Дертке дауа, емдік қасиетімен ерекшеленеді. Сондықтан да жер- жерлерден Қазақстанның

басқа аймақтарынан науқас  адамдар келіп, емделіп өз ризашылықтарын бідіргеніне куә болдым.

         Жер - табиғаттың тіршілікке берген таусылмас сыйы,халық қазынасы. Сол қасиетті  жердің құт қойнауының сырын ұғып -қыдыр орнап, бақ  дарыған киелі мекендер көбейіп, жұртшылыққа пайдасы тие берсін. Ширек ғасырда егеменді мемлекетке айналып,Ұлы дала халқы атанып, Мәңгілік u1077 ел болуға деген талпынысымыз Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында жеткен жетістігіміз екеніне бүкіл әлем қызыға қарап, мойындап отыр. «Киелі жер,қасиетті ел» деген ескіден келе жатқан дана сөздің мәні, аясы кең. Ендеше, осындай киелі мекеннің ұрпағы болғанымды мақтан етемін.

 

Садық  АРЛЕН,

6 сынып оқушысы.

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net