БІРЛІК ТҮБІ БЕРЕКЕ

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты тарихи маңызы зор мақаласын негізге алған бағдарлама аясында латын әліпбиін түсіндіру бойынша Алматы облысында құрылған, құрамында А.Башбаев-Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы, С.Қожағұлов - І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті қазақ тілі мен әдебиетікафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, Г.Сүлейменова-«Кәсіпкер» журналының редакторы, қоғам қайраткері, Ә.Әрін-«Жетісу» газетінің бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері, С.Айтенова- Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының нұсқаушысы бар жұмысшы тобы мүшелерінің жуырда аудан активімен және мектеп мұғалімдерімен кеңейтілген кездесуі өтті.

 

Кездесуді ашып, жүргізіп   отырған аудан әкімінің орынбасары Р.Мағрупова алғашқы сөз кезегін облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Башбаевқа берді. Айдар Карбозұлы өз кезегінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында егемен елімізде таяу жылдарда атқарылуы тиіс міндеттердің бірі-қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшірудің еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуындағы орнының ерекшелігіне тоқталып өтті.

Ғалым С.Қожағұлов, қоғам қайраткері Г.Сүлейменова, облыстық басылым редакторы Ә.Әрін, басқарма нұсқаушысы С.Айтеновалар ғылым мен технология ғасырында өзге құндылықтар таңылу қаупі зор жаһандану кезеңінде уақыт туындатқан жедел өзгерістерге төтеп беріп, өркениетті «Мәңгілік ел» ретінде әлемдік қауымдастықтағы өз орнымызды сақтап, тірлігіміз бен бірлігімізді біркісідей бекемдей беру керектігіне тоқталды. Ал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов әлемдік өркениетті елдерден қалмау үшін латын әліпбиін үйрену, жаза білу, оқи білу мемлекеттік тұрғыда жүзеге асырылатын аса маңызды, өзекті мәселе екенін айтты. Кездесуді жүргізіп отырған аудан әкімінің орынбасары Р.Мағрупова Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өз мақаласында: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі  заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХI ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деп атап көрсеткеніндей латын әліпбиіне көшу мәселесін халыққа жан-жақты, сауатты, дер кезінде түсіндіру мәселесі қаралған кездесудің мазмұны бай, маңызы зор екеніне ерекше тоқталды.

Ынтымағы жарасып, ырысы шалқыған жазиралы Жаркент жерінде өткен кездесу аудан тұрғындарының рухани өмірін жаңғырту маңыздылығының кеңінен, жан-жақты әрі саяси сауатты түсіндірмелік шара ретінде жоғары  деңгейде өтті.

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net